Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында, астық нарығы саласында, тұқым шаруашылығы саласында, өсімдіктерді қорғау саласында, өсімдіктер карантині саласында, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің тұрақты өсуі негізінде облыстың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру және облыстың техникалық жарақтандырылуын арттыру саласында мемлекеттік саясатты іске асырады., мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу нарықтарына мониторинг жүргізу және қайта өңдеу өндірістерін тұрақты дамыту және қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жер қатынастарын реттеу саласында.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    2024 жылғы күзгі-дала жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау жүргізіледі

    «Ауыл шаруашылығы жұмыстарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау» қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 137 Бұйрығы) , Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына (пошта индексі 020000, Көкшетау қ., Абай к-сі 89,4 қабат 414 кабинет,тел: 8(7162)90-30-20, ал. мекен-жайы: [email protected]) , 2024 жылғы күзгі-дала жұмыстары бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі операторды іріктеу конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдануда. Өтінімдер басқарманың электрондық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде қабылданады. Әлеуетті оператордың бірінші басшысы не уәкілетті тұлға өкілеттігін растайтын тиісті құжаттың негізінде қол қойған өтінім және өтінімге қоса берілетін құжаттар Басқарма кеңсесі арқылы қолма-қол USB жинақтауышта (флэште) электрондық түрде немесе кеңсенің электрондық мекенжайына электрондық түрде ұсынылады. 2024 жылғы күзгі-дала жұмыстарын жүргізу үшін облысқа 83,4 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Операторлық қызметтерсіз арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны 271 493 теңге/тоннаны немесе 228 теңге/литрді құрайды. Дизель отынын ресурс ұстаушыдан өз бетінше сатып алу туралы шешім қабылдаған ауыл шаруашылығы өнімінің әлеуетті операторы мен өндірушісі мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім) ; 2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасы көрсетілген баға ұсынысы; 3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері; 4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама; 5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар, (бар болса) өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады) ; 6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат; 7) мұнай өнімдері немесе резервуар базасына тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері немесе резервуар базасын жалдау шартының көшірмесі; 8) мұнай өнімдері немесе резервуар базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар) : - мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат: - мұнай өнімдері немесе резервуар базасының техникалық паспортының көшірмесі; - цистернасы немесе автоматты құю жүйесі бар автомашина (бензин тасушы) үшін таразының болуы; - «Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат; 9) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат; 10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасушы) болуын растайтын құжаттың көшірмесі; 11) мұнай базаларының орналасу схемасы. 12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау. Осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 2), 3), 4), 5), 6), 8), 9), 10), 11) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсыну ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші ресурс ұстаушыдан дизель отынын сатып алу туралы шешімді өз бетінше қабылдаған кезде талап етілмейді. Арзандатылған дизель отынын жеткізу операторын айқындау жөніндегі комиссия отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады.

    3 шілде 2024 ж.Тікелей
    Ақпарат

    2026 жылғы 1 қарашаға жағдай бойынша Ақмола облысының облыстық бюджетінің атқарылуы туралы есеп

    Облыстық бюджеттің атқарылуы жайында есеп 1 қараша 2026 жылғы жағдайы бойынша

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қаңтар- қыркүйек айларында Ақмола облысының ауыл шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуы

    АӨК негізгі көрсеткіштері 2026 жылғықаңтар - қыркүйек айында Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 874 239,1 млн. теңгені (НКИ- 107,3%), оның ішінде: өсімдік шаруашылығы - 558 198млн. теңге (НКИ -108,6%), мал шаруашылығы - 315 821,3млн. теңге (НКИ -104,6%). 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 87,1 млрд теңгені құрады. 2026 жылғы қаңтар - қыркүйек айларында азық-түлік өнімдерін өндіруге негізгі капиталға салынған инвестициялар 5,2 млрд. теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңінің 103,2% болды. Облыста барлығы 8233 агроқұрылымдар бар, оның ішінде: 2073- заңды тұлғалар, 286- жеке кәсіпкерлер, 5874 - шаруа-фермерлік қожалықтары. Облыстағы ауыл шаруашылығындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жалпы жұмыспен қамтылғандардың 22,6%-ын құрайды (барлығы жұмыспен қамтылғандар - 401,4 мың адам, оның ішінде ауыл шаруашылығында - 90,9 мың адам (2026 жылдың 2-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша). Ауыл шаруашылығы саласындағы орташа жалақы: - 2026 жылдың 2-і тоқсанында - 423,9 мыңтеңге, өсім21,5%құрады (2025 жылдың ІІ тоқсанында - 348,7 мың теңге). Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау АӨК субсидиялау Субсидиялау түріндегі 2026 жылы АӨК саласында мемлекеттік қолдау көлемі түрінде 83,6 млрд.теңге құрайды, оның ішінде бағыттар бойынша: -өсімдік шаруашылығы саласын субсидиялау - 32,2 млрд. теңге (пестицидтер - 20 629,5 млн. теңге, тыңайтқыштар - 8 000,0 млн. теңге, тұқымдар - 2 288,1 млн. теңге, басым дақылдар - 1 300,0 млн. теңге); -мал шаруашылығын субсидиялауға - 14,0 млрд. теңге; -қаржы құралдары- 35,7 млрд. теңге (инвестициялық салынымдар - 16 126,6 млн. теңге, кредиттер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеуге - 19 533,5 млн. теңге, су үнемдеу технологиялары - 22,0 млн. теңге); -терең өңдеуді субсидиялауға- 1,7 млрд. теңге. ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ Егіс алқаптарының құрылымы(статдеректер 4-СХ нысаны бойынша) Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 5,6 млн. гектарды құрады, оның ішінде: Дәнді және бұршақдақылдары 4 487,6 мыңгектар алқапқа (- 193,8 мыңга), майлы дақылдар- 837,9 мыңга (+342,5 мыңга) орналастырылды,азықтықдақылдар 296,7 мыңгектар алқапты құрады(-39,9 мыңга). Картоп 9,5 мың гектар (+818,8га) және көкөністер 1,6 мың гектар алқапқа отырғызылды (+202,8га). Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу 2026 жылғықаңтар - қыркүйек айында ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көлемі1 368бірлікті құрап, жалпы сомасы64,6 млрд.теңге болды (2025 жылғы қаңтар - қыркүйек - 1 562 бірлік, 57,1 млрд. теңге), оның ішінде: - тракторлар - 16,3 млрд. теңге сомасына 367 бірлік; - астық жинайтын комбайндар - 25,8 млрд. теңге сомасына 199 бірлік; - сепкіш кешендер - 0,43 млрд. теңге сомасына 75 бірлік; - егіс кешені - 6,4 млрд.теңге сомасына47бірлік; - басқа техника - 15,7 млрд.теңге сомасына 680бірлік. Мал шаруашылығы 2026 жылғы қаңтар - қыркүйекайындаоблыста өндірілді: -тірі салмақтағы ет- 158 мың тонна немесе 103,4% 2025 жылғы деңгейге қарай; - сүт - 204,7 мың тонна немесе 110%; - тауық жұмыртқасы - 555 млн. дана немесе 107,6%. 2026 жылғы 1 қазандағы мал басы саны: Барлық шаруашылық санаттарындағы ІҚМсаны 403,1 мың басты құрап, 2025 жылғы деңгейдің 105,4%-ын құрайды, оның ішінде: сиыр басы - 206 мың бас немесе 113%; -жылқылар - 286,7 мың бас немесе 108,1%; - қой мен ешкі - 605,4 мың басты немесе 101,8%; - құстар - 10 556,5 мың басты немесе 102,2%; -шошқа - 33,7 мың басты немесе 95,2%. Ауыл шаруашылық өнімдерін айта өңдеу Ақмола облысында: - өндірістік қуаттылығы жылына 150 мың тонна ет өңдейтін 23 кәсіпорын; - өндірістік қуаттылығы жылына 273,4 мың тонна сүт өнімдерін өндіретін 15 кәсіпорын; - өндірістік қуаттылығы жылына 1033,6 мың тоннаны құрайтын 27 ұн тарту; - кәсіпорны, өндірістік қуаттылығы жылына 310,5 мың тонна майлы дақылдарды өңдейтін 8 кәсіпорын бар. 2026 жылғы қаңтар- қыркүйек айында 251,1 млрд.теңге сомасына азық-түлік өнімдері өндірілді немесе 2025 жылғы сәйкес кезеңге - 114,8%. Тамақ өнімдерін өндіру құрылымында негізгі үлесті ет өңдеу саласы - 45,4%, сүт - 14,7%, өсімдік майы - 15,7%, астық өңдеу - 7,5%, нан мен нан-тоқаш өнімдері - 2,1%, өзге салалар - 14,6% алады. Ет өңдеу кәсіпорындары мен цехтары табиғи көрсеткіште 75,6 мың тонна ет өндірді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,7% өсім, шұжық өнімдерінің өндіріс көлемі 2049тонна. Қайта өңделген сүт өндірісінің көлемі 107,7 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 3,1% өсім, сары май өндірісі 1950 тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 21,1% өсім, ірімшік пен сүзбе - 1396 тонна, қышқыл сүт өнімдері - 8,3 мың тонна, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 16,8% өсім. Өсімдік майы өндірісі 60,1 мың тонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 10,4% өсім. Ұнтақталған ұн өндірісі 219,1 мыңтонна болды, бұл 2025 жылдың сәйкес деңгейімен салыстырғанда 50,9% өсім.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ақмола облысы Степногорск қаласының шеқараларын (шегін) өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ақмолаоблыстықмәслихатының2026жылғы28қыркүйектегі№8С-33-9бірлескеншешіміменжәнеАқмолаоблысыәкімдігінің2026жылғы28қыркүйектегі№А-9/422 қаулымен «Ақмола облысы СтепногорскқаласыменАқкөлауданыныңшеқараларын(шегін)өзгертутуралы», Ақкөл ауданының аумағы 74060,7 гектар жерлердіқосымшағасәйкесСтепногорскқаласынажердіберужолыменкелісілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы қыркүйекке айында Ақмола облысы әкімінің жер учаскелерін беру туралы қаулыларының тізбесі

    Ақмола облысы әкімінің 2026 жылғы қыркүйек айында жер учаскелерін беру туралы қабылдаған қаулыларының тізбесі 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/364 «LK-KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2035 жылғы 10 қыркүйекке дейінгі мерзімге, Аршалы ауданының Елток ауылдық округінде орналасқан «Қахарман – 2» кен орнында кең таралған пайдалы қазбаларды (саздақтарды) өндіру үшін жалпы ауданы 29,8209 гектар бөлінетін жайылымдық жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/362 «Тау голд коппер» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2047 жылғы 7 шілдеге дейінгі мерзімге, Ерейментау ауданының Майлан ауылында орналасқан «Ешкеөлмес» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін жалпы ауданы 30,0233 гектар, оның ішінде жайылымдар – 23,2149 гектар, жолдар – 0,6884 гектар, өзге жерлер – 6,12 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. Жер учаскесінің шекарасындағы жалпы аудан – 30,1433 гектар, оның ішінде берілетін жер учаскесі – 30,0233 гектар, бөгде жерлер: құрылыстардың астындағы жерлер – 0,12 гектар. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/363 «Тау голд коппер» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2047 жылғы 7 шілдеге дейінгі мерзімге, Ерейментау ауданының Бестоғай ауылдық округінде орналасқан «Ешкеөлмес» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін жалпы ауданы 20,1087 гектар, оның ішінде табиғи жайылымдар – 12,5607 гектар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар – 7,5480 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/365 «ДОН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2032 жылғы 17 қыркүйекке дейінгі мерзімге, Зеренді ауданы Құсепов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Березовское» кен орнында отқа төзімді саз өндіру үшін жалпы ауданы 2,72 гектар, оның ішінде жыртылған жерлер – 2,32 гектар, жайылымдар – 0,4 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/366 «Гранит Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2036 жылғы 16 сәуірге дейінгі мерзімге, Шортанды ауданы Бектау ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Шортанды» кен орнында магмалық жыныстарды (құрылыс тасын) өндіру үшін жалпы ауданы 8,8 гектар бүлінген жерлерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/369 «Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге, Жақсы ауданы Калинин ауылдық округінің Калмакөл ауылында орналасқан «Калмаколь» кен орнында саздар мен сазды жыныстарды өндіру үшін жалпы ауданы 23,8 гектар жайылымдық жерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/368 «Uniserv» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге, Жақсы ауданы Калинин ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Моховое» кен орнында сазды-қиыршықтасты топырақтарды өндіру үшін жалпы ауданы 9,7710 гектар жайылымдық жерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі қысқа мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № А-9/367 «KAZU и K» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2035 жылғы 26 қарашаға дейінгі мерзімге, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Тамсорское» кен орнында құрылыс құмын өндіру үшін жалпы ауданы 153,6791 гектар, оның ішінде жайылымдар – 117,69 гектар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар – 35,51 гектар, жолдардың астындағы жерлер – 0,4791 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/401 «Tazagul Constuction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2035 жылғы 13 ақпанға дейінгі мерзімге, Біржан сал ауданының Донской ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Майлысорское» кен орнында кең таралған пайдалы қазбаларды (әктас) өндіру үшін жалпы ауданы 4,3 гектар жайылымдық жерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/402 «МЖК Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2036 жылғы 4 тамызға дейінгі мерзімге, Ақкөл ауданының Кеңес ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Қызылту» кен орнында шөгінді жыныстарды (құм-қиыршықтас қоспасын) және магмалық жыныстарды өндіру үшін жалпы ауданы 2,05 гектар жайылымдық жерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/39 «Кир завод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2036 жылғы 14 шілдеге дейінгі мерзімге, Зеренді ауданының Қонысбай ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Көкше» кен орнында шөгінді жыныстарды (кірпіш сазын) өндіру үшін жалпы ауданы 30,9 гектар, оның ішінде жыртылған жерлер – 30,6 гектар, жайылымдар – 0,3 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/397 «Кен шуак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2049 жылғы 17 мамырға дейінгі мерзімге, Біржан сал ауданының Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Қызылсор» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды өндіру үшін жалпы ауданы 301,652 гектар, оның ішінде жайылымдар – 299,852 гектар, жолдар – 1,5 гектар, өзге жерлер – 0,3 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/395 «Кен шуак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2039 жылғы 17 желтоқсанға дейінгі мерзімге, Біржан сал ауданының Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Монгол V» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды (мысты) өндіру үшін жалпы ауданы 222,0806 гектар, оның ішінде шабындықтар – 211,4368 гектар, жолдар – 0,8 гектар, бүлінген жерлер – 9,6438 гектар, өзге жерлер – 0,2 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/396 «Кен шуак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2035 жылғы 1 тамызға дейінгі мерзімге, Біржан сал ауданының Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Монгол I» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды (мысты) өндіру үшін жалпы ауданы 80,6288 гектар, оның ішінде жайылымдар – 79,3684 гектар, жолдар – 0,4 гектар, бүлінген жерлер – 0,6604 гектар, өзге жерлер – 0,2 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/398 «Кен шуак» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2034 жылғы 17 желтоқсанға дейінгі мерзімге, Біржан сал ауданының Уәлиханов ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Шайтанды» кен орнында қатты пайдалы қазбаларды (алтынды) өндіру үшін жалпы ауданы 53,3175 гектар, оның ішінде жайылымдар – 46,7353 гектар, жолдар – 0,4 гектар, бүлінген жерлер – 6,1822 гектар болатын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/400 «V-Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2034 жылғы 5 желтоқсанға дейінгі мерзімге, Қосшы қаласының әкімшілік шекарасында орналасқан «AKSUM» кен орнында шөгінді жыныстарды (қиыршықтас-құм қоспасын) өндіру үшін жалпы ауданы 21,8069 гектар, оның ішінде жайылымдар – 1,3055 гектар, шабындықтар – 20,4557 гектар, өзге жерлер – 0,0457 гектар болатын бөлінбейтін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы. 2026 жылғы 21 қыркүйектегі № А-9/394 «БОТЕСТАМЫР» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2033 жылғы 4 қыркүйекке дейінгі мерзімге, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылдық округінің әкімшілік шекарасында орналасқан «Таудысу» кен орнында саздар мен сазды жыныстарды өндіру үшін жалпы ауданы 23,21 гектар жайылымдық жерден тұратын бөлінетін жер учаскесіне уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт

    Жарияланды:
    Бұйрық

    28.09.2026 жылғы № 84.1 түзету

    Жарияланды: