Автокөліктердегі өрттің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс

    1 / 3

    Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Үржар ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан аумағындағы газ құю станциясында автокөліктердегі өрттердің алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Шара барысында станция қызметкерлеріне тұрмыстық газ баллондарын (27 және 50 литр) газ құю станциясында толтыруға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді. Сонымен қатар газ баллон жабдығы орнатылған автокөлік жүргізушілеріне өрт қауіпсіздігі талаптары жеткізіліп, жадынамалар таратылды.

    Төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары