Қамқорлық пен мейірім – әлеуметтік қызметкердің күнделікті жұмысы

    🇰🇿 Қамқорлық пен мейірім – әлеуметтік қызметкердің күнделікті жұмысы
    Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні атап өтіледі. Бұл – күн сайын өзгенің жағдайын ойлап, көмекке мұқтаж жандардың жанынан табылатын мамандардың еңбегіне назар аударатын мереке. Әсіресе, жалғыз тұратын қарттар үшін әлеуметтік қызметкерлердің көмегі мен жылы сөзі өте маңызды.
    Астана қаласының тұрғыны Гүлсім Әбдірахбанова осы салада төрт жылға жуық уақыттан бері жұмыс істейді. Ол өзі қарайтын қарттардың жағдайын үнемі бақылап, күнделікті қажетіне көмектеседі. Азық-түлік пен дәрі-дәрмек әкеледі, үй шаруасына қолғабыс етеді. Аға буын өкілдерімен сөйлесіп, бірге серуендеп, көңіл күйіне де мән береді.
    «Маған өз жұмысым ұнайды. Үлкен кісілерге көмектесіп, олардың алғысын, батасын естудің өзі қуантады. Кейде олармен отырып әңгімелесудің өзі көңілдеріне демеу болады. Біз үшін бұл күнделікті жұмыс болғанымен, олар үшін үлкен көмек екенін түсінемін. Сондықтан әрқайсысының жағдайын жасап, қолдан келгенше қолдау көрсетуге тырысамын», – дейді әлеуметтік қызметкер.
    Ал қызмет алушы Айшекер Мәженова әлеуметтік қызметкерлердің көмегін ерекше бағалайды. Қажет кезде хабарласып, көмек сұрай алатынына қуанышты. Ол мамандарға алғысын айтып, келе жатқан мерекелерімен құттықтады.
    ▶️ Әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі жайлы толығырақ бейнематериалда.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары