2026 жылғы 27 қазанда Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің өкілдері «Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мәдени-тұрмыстық комиссиясының (МТК) мүшелерімен кездесті.
«Шапағат» Текелі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ – стационарлық және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме. Орталықта 7 бағыт бойынша 335 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Кездесу барысында қызмет алушылардың бос уақытын ұйымдастыру сапасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 263 бұйрығымен бекітілген халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына қатысты олардың ұсыныстары талқыланды. «Шапағат» орталығының қызмет алушылары ағымдағы айда Талдықорған қаласындағы Бикен Римова атындағы драма театрына және өлкетану музейіне жасаған сапарлары туралы естеліктерімен қуана бөлісті.
Кездесуге Жетісу облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің басшысы З.Илимжанова және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Д.Жолтаева қатысты.









