Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
3D модельдеу ортез саласына да келіп жетті. Алматыдағы Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығында еліміздегі алғашқы ортездік зертхана ашылды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды және ересектерді оңалтуға арналған сүйеніш-тірек құралдары енді әр науқастың анатомиялық қалыбына орай даярланады.
3D сканер сүйек бітімін, шеміршек, буын, тіпті, тамыр пішінін сақтай отырып құйылады. Зертхана биылғы жыл соңына дейін 500 балаға қажетті жеке ортез дайындауды жоспарлаған. Болашақта жылына дәл осы жерден 3D модельді 3000 жеке ортез даярлайтын болады.
Ең бастысы, балаларға және ересектерге арналған ортез бен оңалту шарасы ҚР Еңбек және халықты қорғау министрлігі қамқорлығымен тегін беріледі.









