Абай облысының полицейлері Республика күніне орай футболдан жарыс ұйымдастырды.

    Республика күніне орай және «Арлан» спорт клубын насихаттау мақсатында Абай облысы Мақаншы ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік мекемелер арасында футболдан жарыс өткізілді.

    Жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастықты нығайту және қызметкерлер арасында командалық рухты қалыптастыру.

    Спорттық шара қатысушылардың белсенділігі мен өзара қолдауын арттырып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Спорт – бірлік пен достықтың кепілі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары