1 / 5
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Республика күніне арналған салтанатты шарада Ұлытау облысы мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Айтенов Алмат Койшикаринович Қазақстан Республикасы Президентінің «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
Мемлекеттік сатып алу басқармасының ұжымы Айтенов Алмат Койшикариновичті осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтап, еңбек жолындағы жетістіктері мен жауапты қызметіне деген құрметін білдірді. Еңбегіңіз елене берсін, кәсіби жолыңыз әрдайым табысты болсын!






