Елге қызмет ету — үлкен жауапкершілік, ал ел сенімін ақтау — нағыз азаматтықтың белгісі. Отанға деген адалдық пен қызметтік борышқа деген беріктік әрдайым құрметке лайық.
🇰🇿 Республика күніне орай Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Абай облысы Полиция департаменті Бородулиха ауданының полиция бөлімінің бірқатар қызметкері жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен:
▪️ Полиция подполковнигі Ермек Турарканов Турарканович
▪️ Полиция майоры Айгерім Ерғазықызы Уакпаева
▪️ Полиция майоры Қанат Жақсылықұлы Бейсенбеков
▪️ Полиция капитаны Данияр Маратұлы Рымғалиев
«Ерлігі үшін» медалімен:
▪️ Полицияның аға сержанты Руслан Равильұлы Кузьмин марапатталды.
Бұл — ел тыныштығы мен халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы адал қызметтің, батылдық пен табандылықтың, кәсібилік пен жоғары жауапкершіліктің лайықты бағасы.
Мемлекеттік награда — жай ғана марапат емес. Оның артында күнделікті қызметтің көзге көріне бермейтін қиындығы, қабылданған жауапты шешімдер, Отан алдындағы антына адалдық пен азаматтық ұстаным жатыр.
Республика күні — елдігімізді ұлықтап, тәуелсіздігіміздің қадірін сезінетін, Отанға қызмет етудің мәні мен маңызын терең түсінетін ерекше мереке.
Осындай айтулы күн қарсаңында ел қорғаны болған азаматтардың еңбегінің мемлекеттік деңгейде бағалануының маңызы зор.
Мемлекет тыныштығын күзетіп, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етіп жүрген полицейлердің ерлігі мен еңбегі — елге үлгі, ұрпаққа өнеге.
Елге адал қызмет — сөзбен емес, іспен дәлелденетін қасиет. Ал ерлікке берілген баға — Отанға деген адалдықтың айқын көрінісі!
РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ!
Ұқсас материалдар

Алға ауданының прокуроры тағайындалды
Ақтөбе облысының прокуратурасыАшу
Батыс Қазақстан индустриялды колледжінде жастардың құқықтық мәдениеті мәселелері бойынша дәріс өткізілді 2026 жылғы 22 қазанда Батыс Қазақстан индустриялық колледжінде «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында Әділет департаментінің қызметкерлері авторлық құқықтарды қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дәріс өткізді. Студенттерге Қазақстан Республикасының авторлық құқық, сабақтас құқықтар, тауар белгілері және зияткерлік меншік объектілерін заңды пайдалану саласындағы заңнамасының нормалары түсіндірілді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңдылықты сақтау, сондай-ақ адалдық, әділдік және парасаттылық қағидаттарының маңыздылығы талқыланды. Батыс Қазақстан облыстық Жұбан Молдағалиев атындағы ғылыми әмбебап кітапханасының өкілдері «Республика күні — мемлекеттің тарихи белесі» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заңға деген құрметті қалыптастыруға бағытталды.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Алматыда 3D технологиялары арқылы жеке ортездер жасайтын алғашқы мемлекеттік зертхана ашылды
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АЛҚА ОТЫРЫСЫНДА 2026 ЖЫЛҒЫ 9 АЙДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Қазақстанда зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған жұмыстар атқарылуда
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Абай облысында гүл дүкеніне заңсыз кіріп, ұрлық жасаған 20 жастағы ер адам сотталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Алматы–Өскемен тасжолында жүк көлігі аударылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Дрон камерасына түскен қоқыс үйіндісі: Абай облысында ауылдық округ әкімі жауапкершілікке тартылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
ҚАУІПСІЗ ЖОЛ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА 1 162 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Абай облысында 1 389 күмәнді сайт бұғатталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу