https://www.facebook.com/reel/4497686583820106?locale=ru_RU
Қазақстан Республикасының Республика күніне орай Мамлютка қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерудің салтанатты рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының әуенімен еліміздің тәуелсіздігін, бірлігі мен бейбітшілігін бейнелейтін басты мемлекеттік рәміздердің бірі — Мемлекеттік Ту көтерілді.
Салтанатты іс-шара мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныштың көрінісіне айналды. Сонымен қатар, бұл шара ұлттық құндылықтарды дәріптеп, Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымағын нығайтудың маңыздылығын айқындады.















