Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты
«Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Аппарат) қала әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және қаржылық-шаруашылық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Жаңалықтар
Құжаттар
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1 бабына және уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММ (шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөнінде конкурс өткізеді) мемлекет меншігіндегі және 10 жыл мерзімге жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне жалға беру (жалдау). «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімінің аппараты» КММхабарлама (хабарландыру) бірінші жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдауды бастайды. Осы конкурсқа қатысуға өтінімдер өтінімдерді қабылдау басталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қабылданады. Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 24 тамыздағы бастап 2026 жылғы 11 қыркүйекға қоса алғандағы кезеңде жүзеге асырылады. Қорытынды шығарылған күн конкурстың аяқталған күні болып есептеледі. Конкурстың қорытындылары конкурсқа қатысуға өтінімдер беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні өткізіледі. Конкурстың өткізілетін күні, уақыты және орны: конкурстың қорытындысы 2026 жылғы 14қыркүйек сағат 10-00-де, СҚО, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан Мамлют ауданы әкімдігінің ғимаратында, 1-қабат, мәжіліс залында жарияланады. Конкурстың шарттары: Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде болу керек: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер; 2) жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер; 3) өтінім беруші үміттеніп отырған жер телімінің орналасқан жері; 4) конкурстық ұсыныс; 5)өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады. Конкурстық ұсыныста болу керек: 1) бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 2) шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер; 3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс. Конкурстық ұсынысты конкурсқа қатысушы жабық конвертте, соңғы беті: қатысушының қолымен куәландырылатын беттері нөмірленген тігілген түрде басылған немесе өшпейтін сиямен жазылған ұсынады "электрондық үкімет"веб – порталы арқылы берілген жағдайларды қоспағанда, - жеке тұлғалар (немесе сенім білдірілген адам) үшін және бірінші басшының (немесе сенім білдірілген адамның) қолымен және заңды тұлғалар үшін – мөрмен (ол болған кезде). Конкурстық ұсыныстың жабық конвертінде «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс» және «2026жылғы 14 қыркүйеккедейін бұрын ашпау» деген жазу көрсетіледі. Жер кодексінің 43-1-бабының 9-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылданбауға жатады. Жер комиссиясы конкурстық ұсыныстарды бағалайды, салыстырады және конкурстық өтінім жеңімпазын айқындайды. Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстық ұсыныстар мен конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде ұсынылған конкурстық ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды, оларды түзетуге болады. Жер комиссиясы барлық өтінімдерді олардың сәйкестігі, толықтығы, есептеулердегі қателіктердің болуы, құжаттардағы барлық қолтаңбалар тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ тұтастай ресімдеудің дұрыстығын тексереді, өтінімдерді бизнес-жоспар бойынша, оның ішінде конкурстық ұсыныста көрсетілген инвестициялардың болжамды көлемі бойынша балл беру жолымен бағалайды, салыстырады. Ұпайлар міндеттемелердің келесі критерийлері бойынша беріледі: жер телімін жалға алудың алғашқы бес жылында 1 гектарға салынатын инвестициялардың болжамды көлемі, мың теңге: суарылмайтын егістікке: 50-ге дейін– 1 балл; 50 ден 70-ке дейін – 2 балл; 70 -тен 90-ға дейін – 3 балл; 90 -нан 110-ға дейін – 4 балл; 110-нан жоғары – 5 балл; жайылымдықжәнешабындықжерлерге: 5 -ке дейін– 1 балл; 5-тен 10-ға дейін – 2 балл; 10-нан 20-ға дейін – 3 балл; 20-дан 30-ға дейін – 4 балл; 30-дан аса – 5 балл; 2) жайылымдық жерлерге - ауыл шаруашылығы жануарлары басының болуы: 50-ден аз ірі қара, жылқы, түйе-5 балл; 50 және одан да көп бас ірі қара, жылқы, түйе – 10 балл; 300-ден аз ұсақ мал басы-5 балл; не одан да көпұсақ мал басы-10 балл; 3)меншіктегіауылшаруашылығытехникасыныңболуы: 5 бірліктен кем-5 балл; 5 жәнеоданкөп бірлік-10 балл; 4) Технологиялық жабдықтың болуы: 1 бірлік-1 балл; 2 жәнеоданкөп бірлік-3 балл; 5) ауыл шаруашылығы саласында білікті мамандардың болуы: 5 білікті маманнан кем-5 балл; 5 және одан да көп білікті мамандар-10 балл. Осы ауданда, қалада, ауылда, кентте кемінде 5 жыл тұратын адамдарға олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 10 балл беру түрінде артықшылық беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне олардың конкурстық ұсыныстарына қосымша 5 балл беру түрінде артықшылық беріледі Қосымша балл берген кезде жер комиссиясының мүшелері қатысушылар ұсынған растайтын құжаттарды басшылыққа алатын болады. Ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады. Екі немесе одан да көп конкурстық ұсыныстардың балдары тең болған кезде конкурстың жеңімпазы комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі жолымен айқындалады. Бұл жағдайда комиссия мүшелерінің көпшілік дауысын және ең жоғары балл жинаған қатысушы жеңімпаз деп танылады. Конкурсты өткізу тәртібі туралы қосымша ақпаратты Мамлют ауданы әкімінің www.maml.sko.gov.kz, «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ сайтынанwww.ozo-mamlyut.gov.kzнемесе телефоны 8 (71541) 2-11-07,2-22-71 арқылы алуға болады. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі Жеручаскесініңнөмірі (лот) Ауданы (га) олардыңішінде Жеручаскесініңорналасқанжері (шаруашылықжәнеауданорталығыныңорташақашықтығы) егістік (кенорны) жайылымдартабиғи түбегейліжақсартылғанжайылымдар басқаауылшаруашылықемесжерлер 1 2 3 4 5 6 7 1 19 19 Белое ауылдықокругі, Чистое ауылыауылдан 10,7 километр ауданорталығынан 7,5 километр 2 43 35 7 1 Белое ауылдықокругі, Чистое ауылыауылдан 6,3 километр ауданорталығынан 31,3 километр 3 13 13 Белое ауылдықокругі, Чистое ауылыауылдан 7,5 километр ауданорталығынан 32,8 километр 4 31,5 2 29 0,5 Белое ауылдықокругі, Чистое ауылыауылдан 6,6 километр ауданорталығынан 31,9 километр 5 27 27 Краснознаменауылдықокругі, Беловкаауылы, ауылдан 6,0 километр ауданорталығынан 41,0 километр 6 22,3 22,3 Бикеауылдықокругі, Бикеауылы, ауылдан 5,0 километр ауданорталығынан 91,0 километр 7 12 12 Бикеауылдықокругі, Бикеауылы, ауылдан 4,2 километр ауданорталығынан 90,0 километр 8 110,13 110,13 Воскресеновауылдықокругі, Воскресеновка ауылы, ауылдан 4,0 километр ауданорталығынан 8,0 километр 9 126 125 1 Пригород ауылдықокругі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр ауданорталығынан 15,0 километр 10 64 20 32 12 Пригород ауылдықокругі, Покровка ауылы, ауылдан 6,0 километр ауданорталығынан 15,0 километр 11 395 393 2 Пригород ауылдықокругі, Покровка ауылы, ауылдан 9,7 километр ауданорталығынан 12,0 километр 12 456,62 456,62 Становоеауылдықокругі, Афонькиноауылы, ауылдан7,2 километр ауданорталығынан32,2 километр
«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ
«АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ШАРТТАРЫ Облыста ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауыл экономикасын нығайтуға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Бағдарлама іске асырылған сәттен бастап ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардың 377 тұрғыны мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл бағдарламаны іске асыруға 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұл ауыл тұрғындарының жаңа бастамаларына қолдау көрсетуге, қосымша жұмыс орындарын құруға және өңірдің ауылдық аумақтарының дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік береді. *** 2026 жылғы несиелеудің жаңа шарттары және қаржыландыру алу тәртібі «Ауыл аманаты» жобасы ауылдық елді мекендер мен шағын қалалардағы кәсіпкерлік бастамаларды жеңілдетілген шарттармен қаржыландырудың негізгі құралдарының бірі болып қала береді. Жобаның басты мақсаты – микрокредиттер беру ғана емес, сонымен қатар ауыл тұрғындары үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыру, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту және тиімді жұмыс істейтін кооперативтерді құру. Жоба шеңберінде ұсынылатын қаржыландырудың қайтарымды негізде жүзеге асырылатынын түсіну маңызды. Бұл грант немесе өтеусіз мемлекеттік көмек болып табылмайды. Қаржыландыруды алушы қаражатты мақсатты түрде пайдалануға, кәсіпкерлік мәртебесін сақтауға, мәлімделген жұмыс орындарын құруға және берешекті белгіленген мерзімде өтеуге міндеттеме алады. Микрокредитті кімдер ала алады Микрокредит алуға Қазақстан Республикасының жұмыссыз азаматтары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар, отбасылық кәсіпкерлікке қатысушылар, табысы төмен жеке қосалқы шаруашылық иелері, кооператив мүшелері, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және өндірістік кооперативтер үміткер бола алады. Жеке тұлға жоба іске асырылатын ауылдық елді мекенде немесе шағын қалада кемінде 12 ай тұрақты тіркеуде болуы тиіс. Жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға жобаны іске асыру орны бойынша тіркелуі қажет. Егер азаматтың жеке кәсіпкер мәртебесі болмаса, қаржыландыру мақұлданған жағдайда ол жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі жобаларды жеке кәсіпкерлер мен кооперативтер жүзеге асыра алады. Кооператив бір ауылдық елді мекеннің немесе бірнеше көршілес ауылдық округтердің қатысушыларын біріктіре алады. Бұл ретте қатысушылардың аумақтық және логистикалық жақындығы, жеткілікті көлемдегі тауарлық өнімнің болуы, сондай-ақ олардың өзара тиімді іс-қимыл жасау мүмкіндігі расталуы тиіс. Микрокредиттеудің негізгі шарттары Ауыл шаруашылығына жатпайтын жобалар бойынша микрокредит беру мерзімі 5жылға дейінгі кезеңді құрайды. Ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласындағы жобалар үшін микрокредит беру мерзімі 7 жылға дейін болуы мүмкін. Сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 2,5 пайыздан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Жеке жобалардың басым бөлігі бойынша қаржыландырудың ең жоғары сомасы 2 500 АЕК-ке дейін белгіленген. 2026 жылғы айлық есептік көрсеткіш мөлшерін ескере отырып, бұл 10 812 500 теңгеге дейінгі соманы құрайды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және кооперативтерді дамыту жөніндегі жобалар үшін қаржыландырудың шекті сомасы 8 000 АЕК-ке дейін немесе 2026 жылғы көрсеткіш бойынша 34 600 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Қаржыландырудың ең жоғары сомасының белгіленуі әрбір өтініш берушіге микрокредиттің толық шекті мөлшерде берілетінін білдірмейді. Микрокредит сомасы сатып алынатын активтердің құнына, қаржылық есептерге, қарыз алушының төлем қабілеттілігіне, меншікті қаражатпен қатысу деңгейіне және кепілмен қамтамасыз етудің жеткіліктілігіне қарай айқындалады. Қағидаларда негізгі борышты өтеу бойынша ұзақтығы 12 айдан аспайтын жеңілдікті кезең көзделген. Бұл ретте аталған нормада сыйақыны төлеу бойынша жеке кейінге қалдыру қарастырылмаған. Сондықтан қаржылық модельді әзірлеу кезінде негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең ішінде сыйақы төлеу қажеттілігі ескерілуі тиіс. Бұрын алынған микрокредит бойынша өз міндеттемелерін толық орындаған қарыз алушыларды қайта қаржыландыруға жол беріледі. Қайта қаржыландырудың ең жоғары сомасы 8 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылуы мүмкін. Алайда қайта микрокредит беру екі реттен артық жүзеге асырылмайды және бағдарлама қаражатының қайтарылған есебінен қаржыландырылады. Кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Микрокредит жеткілікті кепілдік қамтамасыз ету болған жағдайда беріледі. Кепіл ретінде жылжымайтын мүлік, ұзақ мерзімді жер пайдалану құқығы, көлік құралдары, ауыл шаруашылығы, арнайы және жол-құрылыс техникалары, сондай-ақ жабдықтар қабылдануы мүмкін. Кепілге ұсынылатын мүліктің нақты нарықтық құны болуы, заңнамаға сәйкес ресімделуі және оған тыйым салу, кепіл немесе өзге де ауыртпалықтардың қойылмауы тиіс. Нарықтық құнын тәуелсіз бағалаушы айқындайды, содан кейін оған өтімділік коэффициенті қолданылады. Қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану құқығы кепіл ретінде қабылданбайды. Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша құқық белгілейтін құжаттар, техникалық паспорт, мемлекеттік жер кадастрының мәліметтері, тіркелген құқықтар, қайта жоспарлау фактілерінің болуы, кәмелетке толмағандардың үлестері, сондай-ақ жұбайының (зайыбының) немесе өзге де меншік иелерінің келісімдерінің болуы тексеріледі. Қандай мақсаттарға кредит берілмейді «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде жеңіл автокөлік сатып алуға қаржы қаражаты берілмейді. Жақын туыстарынан ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға жол берілмейді. Жақын туыстарға ата-аналар, балалар, асырап алушылар мен асырап алынғандар, ата-анасы ортақ және ата-анасының бірі ортақ аға-інілер мен апа-сіңлілер, аталар, әжелер және немерелер жатады. Көтерме және бөлшек сауда қызметін қаржыландыруға жол берілмейді. Сондай-ақ туристік-рекреациялық аймақтарда орналасқан жекелеген туристік объектілерді қоспағанда, кейіннен жалға беру мақсатында ғимараттар мен үй-жайларды сатып алуға немесе салуға қаржы бөлінбейді. Мал шаруашылығы жобалары бойынша қаржыландыру жайылымдардың, шабындықтардың, су ресурстарының, қажетті қора-жайлардың, жемшөп базасының, ветеринариялық және зоотехникалық қызметтердің болуымен негізделуі тиіс. Жемшөп қоры мен малды ұстауға қажетті жағдайларсыз мал сатып алуға кредит алу малдың шығынға ұшырау, оны мәжбүрлі түрде өткізу және мерзімі өткен берешектің қалыптасу тәуекелін арттырады. Өтінім беру тәртібі Бірінші кезеңде жобаға сүйемелдеу жүргізуге жауапты ауылдық округ әкімдігіне немесе аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне жүгіну қажет. Жобаның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі анықталады. Осыдан кейін қаржылық модель, жобаның сипаттамасы, сатып алу жоспары, жеткізушілер туралы мәліметтер, кірістер мен шығыстардың есебі, жобаны іске асыру орнына қатысты құжаттар және кепілдік қамтамасыз етуге қатысты алдын ала құжаттар топтамасы дайындалады. Өтінімдерді Amanatnesie.kz цифрлық платформасы арқылы беруге болады. Платформада өтініш беруші бағдарламаның шарттарымен таныса алады, өтінімді толтырып, қажетті құжаттарды қоса тіркей алады және оны қарау кезеңдерін қадағалай алады. Өтінім беру мүмкіндігі қаржыландырудың болуына және өңірлік оператордың өтінімдерді қабылдауды ашуына байланысты. Сенім білдірілген агент ұсынылған құжаттар мен мәліметтерді тіркелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде бастапқы тексеруден өткізеді. Егер құжаттар топтамасы белгіленген талаптарға сәйкес келмесе, өтініш берушіге нақты себептері көрсетілген дәлелді бас тарту туралы хабарлама жолданады. Құжаттар бағдарлама талаптарына сәйкес келген жағдайда, сенім білдірілген агент жобаны бағалап, құжаттар тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жобаны мақұлдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Өтінімді қарау барысында кредиттік тарихқа, төлем қабілеттілігіне, салықтық берешектің болуына, қаржылық модельге, сатып алынатын мүліктің құнына, жеткізушіге, кепілдік қамтамасыз етуге және жобаны іске асыру тәуекелдеріне талдау жүргізіледі. Жоба мақұлданғаннан кейін кредиттік және кепілдік құжаттары рәсімделеді. Микрокредит қаражаты кепіл шартын мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде аударылады. Егер бөлінген қаржы қаражаты толық игерілсе, сенім білдірілген агент қосымша қаржыландыру немесе бағдарлама қаражатының қайтарылуы қамтамасыз етілгенге дейін жаңа өтінімдерді қабылдау мен қарауды уақытша тоқтатуға құқылы. Жобаны қарау кезінде қандай көрсеткіштер бағаланады Жобаны бағалаудың негізгі өлшемшарттары – оның скрининг нәтижелері бойынша айқындалған басым бағыттарға сәйкестігі, жаңа жұмыс орындарын құруы және жаңа техника немесе жабдық сатып алуды көздеуі болып табылады. Алайда, тәжірибеде бұл өлшемшарттар кредиттің қайтарымдылығын бағалау үшін жеткіліксіз. Сондықтан жоба өндіріс көлемінің, күтілетін кірістің, шығыстардың және қарызды өтеудің нақты әрі негізделген қаржылық есебін қамтуы тиіс. Мал шаруашылығы жобалары бойынша жемшөптің құны, жайылымдар мен шабындықтардың болуы, малдың өнімділігі, төл алу мерзімі, ветеринариялық шығындар және мал шығынының ықтимал тәуекелдері жеке бағаланады. Сүт кооперациясы жобалары бойынша кооперативке нақты тартылған жеке қосалқы шаруашылықтардың саны, сиыр басының саны, күнделікті өндірілетін сүт көлемі, салқындату жабдығының, сүт тасымалдауға арналған көліктің болуы, халықпен есеп айырысу кестесі және қайта өңдеуші кәсіпорынмен жасалған шарттың болуы расталуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу жобалары бойынша шикізат базасы, жабдықтардың жүктемесі, санитариялық және ветеринариялық рұқсаттардың болуы, өнімді буып-түю, таңбалау және оны өткізудің нақты арналары айқындалуы тиіс. Шикізат базасы мен дайын өнімді өткізу нарығы болмай тұрып тек жабдық сатып алу толыққанды жоба болып саналмайды. Сол сияқты тек кредиттің жоғары лимитін алу мақсатында ғана кооператив құру бағдарламаның мақсаты мен мәніне сәйкес келмейді. Қаражат алғаннан кейінгі бақылау Қаржыландыру берілгеннен кейін жобаны сүйемелдеу жұмысы аяқталмайды. Сенім білдірілген агент пен жергілікті атқарушы органдар қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тұрақты мониторинг жүргізеді. Мониторинг барысында малдың, техника мен жабдықтың нақты сатып алынуы, сатып алынған мүліктің шарт талаптарына сәйкестігі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің ақпараттық жүйесінде жануарларды тіркеу, техниканы мемлекеттік тіркеу, кепілге қойылған мүліктің сақталуы және жұмыс орындарын құру жөніндегі міндеттемелердің орындалуы тексеріледі. Кооперативтер бойынша қосымша түрде қатысушылар саны, микрокредит алған мүшелердің саны, мерзімі өткен берешектің болуы, міндетті зейнетақы жарналарының деректері негізінде құрылған жұмыс орындары, қайта өңдеу қызметінің болуы, өндірілетін өнім түрлері, өндіріс көлемі және өнімді өткізу бағалары мониторингке жатады. Кооперативтік жобаларды бағалау кезінде негізгі көрсеткіш құрылтайшылардың саны емес, жеке қосалқы шаруашылықтардың нақты қатысуы болуы тиіс. Мұндай қатысу жасалған шарттармен, өткізілген өніммен, көрсетілген қызметтермен және халыққа жүргізілген төлемдермен расталуы қажет. Өтініш беруші нені ескеруі қажет Қаржыландыру алу үшін кепілдік қамтамасыз етуді және жеткізушінің коммерциялық ұсынысын ұсыну жеткіліксіз. Жоба жұмыс істейтін экономикалық модель ретінде жан-жақты әзірленуі тиіс. Өтінім берер алдында өнімді кім сатып алатынын, оның қандай бағамен, қандай көлемде және қандай мерзімділікпен өткізілетінін айқындау қажет. Сондай-ақ жемшөптің, шикізаттың, жер учаскелерінің, өндірістік үй-жайлардың, электр қуатының жеткіліктілігін және рұқсат беру құжаттарының толықтығын алдын ала тексеру ұсынылады. Кепілдік қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аудару қажет. Техникалық паспорттағы қателер, заңдастырылмаған қайта жоспарлау, кәмелетке толмағандардың үлестерінің болуы, жұбайының (зайыбының) нотариаттық келісімінің болмауы, құқық белгілейтін құжаттардағы сәйкессіздіктер және ауыртпалықтардың болуы жобаны алдын ала мақұлдағаннан кейін де оны қарау процесінің тоқтатылуына себеп болуы мүмкін. Жылдық 2,5 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген кредит алу жобаның өздігінен табысты болуын қамтамасыз етпейді. Егер қаржылық есептеулерде жемшөпке, салықтарға, жөндеу жұмыстарына, ветеринариялық қызметтерге, тасымалдауға, коммуналдық шығыстарға және маусымдық факторларға байланысты шығындар ескерілмесе, қарыз алушы қызметінің алғашқы жылында-ақ айналым қаражатының тапшылығына тап болуы мүмкін. *** «Ауыл аманаты» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша «Солтүстік» ӘКК» АҚ-ның шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бөліміне (8 (7152) 50-27-16), «Ауыл аманаты» жобасының үйлестірушісіне (8 777 925 79 07), сондай-ақ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне және ауылдық округтер әкімдері аппараттарына хабарласуға болады.
ХАБАРЛАНДЫРУ
ХАБАРЛАНДЫРУ «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мүлікті сот тәртібімен иесіз қалған мұра (иесіз мұрагерлік мүлік) деп тану мақсатында, 1964 жылғы 14 желтоқсанда туған, 2023 жылғы 13 тамызда қайтыс болған Батырбаев Искандар Исмаиловичтің мұрагерлерінен Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы, Мамлютка қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 10/1 мекенжайына Жеңіс көшесі, 28-үй, 1-пәтер мекенжайында орналасқан тұрғын үйге қатысты құқық белгілейтін құжаттарымен бірге келулерін сұрайды.
2026 жылғы үшінші тоқсанына «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшыларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі
2026 жылғы үшінші тоқсанына «Солтүстік Қазақстан облысыМамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесібасшыларымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі Мемлекеттік мекеменіңатауы Қабылдау өткізетін тұлғаның Т.А.Ә. Қабылдау өткізетін тұлғаның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні және уақыты Мемлекеттік органның орналасқан жері Қызметтік телефон «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» КММ Оразалинов Асқар Кенесұлы Қала әкімі Апта сайын, сейсенбі сағат 11.00-ден 13.00 –ге дейін Мамлютка қаласы А. Құнанбаев көшесі, 10/1 2-11-03