Панфилов ауданында жаңа күн электр станциясы іске қосылды!

    1 / 2

    Панфилов ауданында жаңа күн электр станциясы іске қосылды!

    Бүгін Панфилов ауданында (Жаркент қаласының маңында) өңіріміздің энергетикалық әлеуетін арттырып, «жасыл» экономиканы дамытуға бағытталған қуаттылығы 40 МВт күн электр станциясы салтанатты түрде ашылды!

    Бұл маңызды шараға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен Панфилов ауданының әкімі Марат Рахымбердіұлы арнайы қатысып, өңірдің инфрақұрылымын нығайтудағы бұл жобаның маңызына тоқталды.

    📊 Жобаның негізгі көрсеткіштері:

    Орналасқан жері: Жаркент қаласының маңы (Панфилов ауданы)

    Қуаттылығы: 40 МВт

    Жүзеге асырушы: «Jetisu Terra Power» ЖШС (Басшысы — Денис Царев)

    Жаңа жұмыс орны: 20 тұрақты жұмыс орны

    🌱 Жаңа станция Жетісу өңірін экологиялық таза электр энергиясымен қамтамасыз етіп, қоршаған ортаға түсетін жүктемені азайтуға және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыруға зор үлес қоспақ. Өңіріміздің дамуы жолындағы игі істер көп болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Панфилов ауданының әкімдігі" жаңалықтары