Панфилов ауданының әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Панфилов ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық-талдау, консультативтік және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді, сондай-ақ ақпараттық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан тұрғындарымен кездесулеріміз басталды

    Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан тұрғындарымен кездесулеріміз басталды. Өңірдегі жаңалықтар мен атқарылып жатқан жұмыстарды күнделікті әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан көріп отырсыздар. Кездесу барысында есеп беруден гөрі тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау маңызды. Басқұншы, Атамекен, Бірлік, Үлкеншыған ауылдық округтерінде ауыл азаматтарын жеке қабылдап, тұрғындардың ой-пікірлері мен ұсыныстарын тыңдадық. Өздеріңіз білесіздер, 29 қарашада Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осы орайда баршаңызды сайлауға белсенді қатысуға шақырамын!

    11 қараша 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен азаматтарды қабылдау орталығында жеке және заңды тұлғалардың қабылдауының 2026 жылдың ІІ тоқсанына КЕСТЕСІ

    Жергілікті атқарушы органдардың және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшыларымен азаматтарды қабылдау орталығында жеке және заңды тұлғалардың қабылдауының 2026 жылдың ІІ тоқсанына КЕСТЕСІ Жаркентқ-сы., А.Розыбакиев көшесі, 22 № Мемлекеттік органның атауы Азаматтарды қабылдауды жүргізетін тұлғаның Т.А.Ж. Азаматтарды қабылдауды жүргізетін адамның лауазымы Азаматтарды қабылдау күні мен уақыты Байланыс телефоны Сәуір айы 1. Панфилов ауданының әкімдігі Ешенов Дидар Болатұлы аудан әкімінің орынбасары 1 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 2. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Исаев Айдар Мұратұлы қала әкімі 2 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 3. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибраимова Молдір Хасенқызы қала әкімінің орынбасары 3 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 4. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибрагимов Тельман Үсіпжанұлы қала әкімінің орынбасары 3 сәуір (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (7282) 5-22-31 5. Панфилов ауданының әкімдігі Керімбеков Төлеухан Нұрдаулетұлы аудан әкімінің орынбасары 7 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 6. «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Байжұма Илияс Нұрланұлы Бөлім басшысы 8 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-50 7. «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Жексенбі Бақытжан Альменұлы Бөлім басшысы 9 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-11-36 8. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Кибраева Гульнар Мукатаевна Бөлім басшысы 10 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-10-48 9. " Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ Асанбаев Ильяс Қасымбекұлы Бөлім басшысы 14 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-49-38 10. " Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ Қонысбаев Жомарт Асқарұлы Бөлім басшысы 15 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-19-86 11. " Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Көшербаева Толқын Ерболқызы Бөлім басшысы 16 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-01-79 12. " Панфилов ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ Шабеков Тоқтарғали Болатұлы Бөлім басшысы 17 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-11-36 13. " Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ Дулатов Мерей Тұрсынұлы Бөлім басшысы 21 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-16-40 14. Панфилов ауданының әкімдігі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы аудан әкімі 23 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 15. Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы "Панфилов Су кубыры" аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Аманжанов Адлен Аманжанұлы директор 24 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 4-92-74 16. «Жетісу облыстық білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Сейітқожаев Қайсар Күнтуғанұлы Бөлім басшысы 28 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-17-75 17. Шаруашылық жүргізу құқындағы «Панфилов ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Альпеисов Мадияр Мықтыбекұлы директор 29 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-06-62 18. " Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ Рамазанова Сауле Қасымқанқызы Бөлім басшысы 30 сәуір (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-43 Мамыр айы 1. Панфилов ауданының әкімдігі Керімбеков Төлеухан Нұрдаулетұлы аудан әкімінің орынбасары 5 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 2. Панфилов ауданының әкімдігі Ешенов Дидар Болатұлы аудан әкімінің орынбасары 6 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 3. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Исаев Айдар Мұратұлы қала әкімі 8 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 4. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибраимова Молдір Хасенқызы қала әкімінің орынбасары 12 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 5. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибрагимов Тельман Үсіпжанұлы қала әкімінің орынбасары 12 мамыр (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (7282) 5-22-31 6. «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Байжұма Илияс Нұрланұлы Бөлім басшысы 13 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-50 7. «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Жексенбі Бақытжан Альменұлы Бөлім басшысы 13 мамыр (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (72831) 5-11-36 8. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Кибраева Гульнар Мукатаевна Бөлім басшысы 15 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-10-48 9. " Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ Асанбаев Ильяс Қасымбекұлы Бөлім басшысы 19 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-49-38 10. " Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ Қонысбаев Жомарт Асқарұлы Бөлім басшысы 20 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-19-86 11. " Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Көшербаева Толқын Ерболқызы Бөлім басшысы 20 мамыр (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (72831) 5-01-79 12. " Панфилов ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ Шабеков Тоқтарғали Болатұлы Бөлім басшысы 21 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-11-36 13. " Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ Дулатов Мерей Тұрсынұлы Бөлім басшысы 21 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-16-40 14. " Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ Рамазанова Сауле Қасымқанқызы Бөлім басшысы 22 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-43 15. Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы "Панфилов Су кубыры" аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Аманжанов Адлен Аманұлы директор 26 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 4-92-74 16. «Жетісу облыстық білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Сейітқожаев Қайсар Күнтуғанұлы Бөлім басшысы 26 мамыр (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (72831) 5-17-75 17. Панфилов ауданының әкімдігі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы аудан әкімі 28 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 18. Шаруашылық жүргізу құқындағы «Панфилов ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Альпеисов Мадияр Мықтыбекұлы директор 29 мамыр (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-06-62 маусым айы 1. Панфилов ауданының әкімдігі Керімбеков Төлеухан Нұрдаулетұлы аудан әкімінің орынбасары 2 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 2. Панфилов ауданының әкімдігі Ешенов Дидар Болатұлы аудан әкімінің орынбасары 3 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 3. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Исаев Айдар Мұратұлы қала әкімі 4 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 4. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибраимова Молдір Хасенқызы қала әкімінің орынбасары 5 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-22-31 5. Жаркент қаласы әкімінің аппараты Ибрагимов Тельман Үсіпжанұлы қала әкімінің орынбасары 5 маусым (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (7282) 5-22-31 6. «Панфилов ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ Байжұма Илияс Нұрланұлы Бөлім басшысы 9 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-50 7. «Панфилов ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ Жексенбі Бақытжан Альменұлы Бөлім басшысы 9 маусым (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (72831) 5-11-36 8. «Панфилов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Кибраева Гульнар Мукатаевна Бөлім басшысы 11 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-10-48 9. " Панфилов ауданының кәсіпкерлік бөлімі" ММ Асанбаев Ильяс Қасымбекұлы Бөлім басшысы 12 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-49-38 10. " Панфилов ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ Қонысбаев Жомарт Асқарұлы Бөлім басшысы 16 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-19-86 11. " Панфилов ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі" ММ Көшербаева Толқын Ерболқызы Бөлім басшысы 17 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-01-79 12. " Панфилов ауданының ауылшаруашылығы бөлімі" ММ Шабеков Тоқтарғали Болатұлы Бөлім басшысы 18 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-11-36 13. " Панфилов ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ Дулатов Мерей Тұрсынұлы Бөлім басшысы 19 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-16-40 14. " Панфилов ауданының экономика және қаржы бөлімі" ММ Рамазанова Сауле Қасымханқызы Бөлім басшысы 23 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-09-43 15. Панфилов ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқындағы "Панфилов Су кубыры" аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Аманжанов Адлен Аманұлы директор 23 маусым (сағ. 11:00 – 12:00) 8 (72831) 4-92-74 16. «Жетісу облыстық білім басқармасының Панфилов ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Сейітқожаев Қайсар Күнтуғанұлы Бөлім басшысы 24 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-17-75 17. Панфилов ауданының әкімдігі Сағымбек Марат Рахымбердіұлы аудан әкімі 25 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (7282) 5-23-52 18. Шаруашылық жүргізу құқындағы «Панфилов ветеринарлық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны Альпеисов Мадияр Мықтыбекұлы директор 26 маусым (сағ. 10:00 – 11:00) 8 (72831) 5-06-62

    1 сәуір 2026 ж. – 29 маусым 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер

    Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер Жаңа Салық кодексі өз күшіне енді, ол берешекпен жұмыс істеу принциптерін сараланған (дифференциалды) тәсілге көшіре отырып, түбегейлі өзгертеді. Реформаның басты мақсаты - бизнеске әкімшілік қысымды азайту және кәсіпкерлерді шағын сомалар үшін шоттардың бұғатталуынан қорғау. Маңызды жеңілдіктер салық төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібіне де қатысты болды. Енді берешек сомасы 1500 АЕК-ке дейін болған жағдайда, екі жылдан астам жұмыс өтілі бар белсенді кәсіпкерлер кепіл мүлікті немесе банктік кепілдікті ұсынбастан, 3 жылға дейін бөліп төлеуді немесе 6 айға дейін мерзімін ұзартуды ала алады. Сонымен қатар, Басқарма салық амнистиясы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: бүгінгі таңда борышкерлердің 38%-ы қамтылып, нәтижесінде бизнеске 135 миллион теңге өсімпул (пения) мен 114,5 миллион теңге айыппұл есептен шығарылды. Жаңа ережелер міндеттемелерді ерікті түрде реттеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жағдай жасайды. 20 АЕК шегінен аспайтын шағын берешек кезінде кәсіпкерлердің алаңдауына еш негіз жоқ: салық органдары тек хабарлама жіберумен шектеледі, ал кез келген басқа мәжбүрлеп өндіру шаралары мен бұғаттаулар толығымен жоққа шығарылады. Алғашқы шектеулер межеден асып, 20-дан 45 АЕК-ке дейінгі аралықты құрағанда іске қосылады. Мұндай жағдайда салық төлеушіге ресми білдіру (уведомление) жіберіледі, егер ол орындалмаса, банктік шоттар мен касса бойынша шығыс операциялары тоқтатылып, инкассолық өкімдер қойылады. Қарызы 27 000 АЕК-тен асатын ең ірі төлемейтіндер үшін қатаң дербес шектеулер қарастырылған. Егер мұндай сома үш ай ішінде өтелмесе, соттың санкциясы негізінде компания басшысының Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына уақытша тыйым салынады. Осы ережелердің арқасында адал бизнес ұсақ қаржылық қиындықтар туындаған кезде тұрақтылықтың сенімді кепілдігіне ие болды.

    25 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Панфилов ауданының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 22 мамырда сағат 10.00-де Н.Головацкий атындағы мәдениет үйі ғимаратының 1-қабатында (Жаркент қаласы, Тен Ин Гер көшесі, 1) аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөлімінің 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыз. Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы мәдениет үйінің мәжіліс залында (Жаркент қаласы, Тен Ин Гер көшесі, 1) аудан тұрғындарымен кездесу өткізеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y= сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    22 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың І тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама

    Жетісу облысы Панфилов ауданы бойынша 2026 жылдың І тоқсанына мемлекеттік қызметтерді ішкі мемлекеттік бақылау бойынша талдамалық анықтама Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері туралы. 2026 жылдың І тоқсанында Панфилов ауданы әкімдігінің мемлекеттік органдары арқылы мемлекеттік қызметтердің 55 түрі көрсетілді (қызмет ішіндегі қызметтер 65). 2026 жылдың І тоқсанында жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 3248 . Оның ішінде: көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы – 0; мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 28; қызмет берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1729; Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 366; «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (ПЭП) көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 783; «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 342. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы. Бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес 2026 жылдың І тоқсанында жүргізілген бақылау іс-шараларының саны – 1. I тоқсанда жоспар бойынша жүргізілетін іс-шаралардың саны – 1 (Панфилов ауданының «Шолақай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ ). І тоқсанда жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесі бойынша анықталған бұзушылықтар саны – 1. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны – 0. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыру курстарына жіберу туралы 1 ұсыныс беріліп, орындалуда. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қызмет көрсететін барлық мемлекеттік органдарда стенд жасалып, қағидалардың мәтіні ілінген, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты арыз, шағымдар болған жағдайда хабарласуға болатын байланыс телефондары жазылып, арнайы жәшік қойылған. Аудан әкімдігінің фойесіне, Жаркент қаласы және ауылдық округтерде, мектептерде, балабақшаларда, жұмыспен қамту орталығы, білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі, венеринария бөлімі және медициналық мекемелердің дәлізіне қызмет алушыларға арналған бұрыштар (мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты бейнероликтер көрсетілетін теледидар, е-гов арқылы қызмет алу үшін картридер, принтер, компьютер) жасақталған. Жаркент қаласы және ауылдық округтердегі бұрыштар арқылы барлығы І тоқсанда 4862 қызмет алынды. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытындағы іс-шаралар туралы. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша ұсыныстар берілді. Атап айтқанда: «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесінің орыс мәтінінде бірінші кезеңнің: 1-тармағы мен оның 1) тармақшасы, 2) тармақшасы жоқ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 01 тамыздағы №287 бұйрығымен бекітілген Ереженің № 1 қосымшасының 8-тармағындағы орыс тіліндегі мәтіндерін сәйкестендіру ұсынылады. «Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер тізілімінде орыс тіліндегі нұсқада мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының сілтемесі көрсетілмеген. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығы «Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» орыс нұсқасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сілтеме енгізу ұсынылады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шаралары туралы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді халық арасында насихаттау мақсатында 2026 жылдың І тоқсанында 83 іс-шара (оның ішінде: "QYZMET LIVE" тікелей эфир – 1, мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі – 2, мемлекеттік қызметтерді насихаттау акциясы –78, мемлекеттік қызметтерді түсіндіру – 2) өтіп 30109 адамды қамтыды. Аудандық «Жаркент өңірі» және «Жаркент айнасы» газеттеріне мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылу тәртібі бойынша 61 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызметті көрсетуден қағаз түрінде бас тарту саны – 1. Негізсіз бас тарту тіркелген жоқ. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтер тіркелген жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына арыз, шағымдар түскен жоқ. Панфилов ауданы әкімі аппараты Мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің басшысы А. Касенов

    9 сәуір 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Атаулы әлеуметтік көмек кімге көрсетіледі?

    Жауап

    Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. АӘК мыналарға тағайындалмайды: 1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға); 2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы; 3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы; 4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған күннен бастап алты ай бойы; 5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды. Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады. Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар. Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді. Баспана кезегін электронды түрде қалай қадағалауға болады?

    Сұрақ

    Жайылымға және егістікке жер бөлінеді ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48 - бабының талаптарына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің жалдау құқығын беруді ауданның немесе қаланың жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шегінде сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру осы Кодекстің 43-1 бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатушы ретінде жергілікті атқарушы орган өкілдік етеді. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Жоғарыда аталған жер заңнамалары талаптарына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

    Ақпарат

    Панфилов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

    Панфилов ауданы аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Панфилов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралы хабарламасы

    Панфилов ауданының аумақтық сайлау комиссиясының құрамы, орналасқан жері және жұмыс уақыты туралыхабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Панфилов ауданы Атамекен, Сарыбел, Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауын өткізу үшін сайлау округтерін құру туралы

    Панфилов ауданы Атамекен, Сарыбел, Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауын өткізу үшін сайлау округтерін құру туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Панфилов ауданының Атамекен, Сарыбел, Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауын тағайындау және сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

    Панфилов ауданының Атамекен, Сарыбел, Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауын тағайындаужәне сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардыңкүнтізбелік жоспарын бекітутуралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Жетісу облысы Панфилов ауданының Атамекен, Сарыбел Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    2026 жылғы 20 желтоқсанға тағайындалған Жетісу облысы Панфилов ауданыныңАтамекен, Сарыбел Көктал, Айдарлы ауылдық округтері және Жаркент қаласы әкімдерінің сайлауынәзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгііс-шаралардың күнтізбелік жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Панфилов ауданының сайлау учаскелері

    Панфилов ауданының сайлау учаскелері

    Жарияланды: