Құрметті отандастар! Сіздерді Республика күнімен құттықтаймын!

    Бұл мереке бізге егемендіктің, тарихи жадының және ұрпақтар сабақтастығының қадірін еске салады. Ата-бабамыз аманат еткен жер, тіл, мәдениет пен дәстүр – мемлекеттілігіміздің берік негізі. Бүгінде Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы қарсаңында жүріп өткен жолымызды ризашылықпен саралап, болашаққа сеніммен қараймыз.

    Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасып, халықаралық аренадағы орнын нығайтты. Экономика, ғылым мен технологияны дамытуға мүмкіндік туды. Бұл жетістіктерге азаматтарымыздың еңбегі, бірлігі және қуатты, өркендеген ел құруға деген ұмтылысы арқылы қол жеткіздік.

    Алдымызда жаңа міндеттер тұр. Оларды орындау үшін әрқайсымыз жауапкершілік танытып, қоғам болып атсалысуымыз қажет. Мықты мемлекет – экономикасы дамып, институттары тиімді жұмыс істейтін, халқының әл-ауқаты қамтамасыз етілген, адамдардың еңбегі мен қадір-қасиеті құрметтелетін және әр азаматы ертеңгі күніне сеніммен қарайтын ел.

    Әр азаматтың дамуына, кәсіби қабілетін жүзеге асыруына және лайықты өмір сүруіне мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құру елімізді дамытудың стратегиялық бағыты болып қала бермек. Мемлекеттік саясаттың нәтижесі адамдардың күнделікті өмірінен көрініс табуы керек. Ол мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігінен, еңбек құқықтарының қорғалуынан және қиын жағдайға тап болған жандарға көрсетілетін қолдаудан байқалуға тиіс.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау жүйесі үшін бұл міндеттердің маңызы зор. Біздің жауапкершілігіміз көмекке мұқтаж жандардың қажетті қолдауды уақытында алуына жағдай жасау және жұмыспен қамту шаралары арқылы оларға жаңа мүмкіндіктер ашу. Мемлекеттік шешімдер мен әлеуметтік бағдарламалардың бәрінде адам мүддесі басты орында тұруы керек.

    Күн сайын азаматтарға қолдау көрсетіп, түрлі өмірлік жағдайларда шешім табуға көмектесіп жүрген мамандардың орны ерекше. Олардың жұмысы кәсіби біліммен қатар, шыдамдылықты, жанашырлықты, адамды тыңдап, түсіне білуді талап етеді. Әлеуметтік жұмыстың шынайы мәні де осындай қамқорлық пен адамға деген ықыластан көрінеді.

    Ел дамуының тағы бір маңызды негізі – еңбекке құрмет. Өз жұмысын адал атқаратын, жаңа мамандықтарды меңгеретін, бала тәрбиелейтін, ғылымды, мәдениет пен өндірісті дамытатын әр адам еліміздің ортақ игілігіне үлес қосады. Біздің мақсатымыз білімге, бастамаға және жауапкершілікке сүйене отырып, әр адамның табысқа жетуіне және қоғамның дамуына мүмкіндік беретін жағдай жасау.

    Отансүйгіштік күнделікті өмірдегі әрекетпен өлшенеді. Ол өз ісіне жауапкершілікпен қарау, заңды құрметтеу, отбасына қамқор болу, мәдени мұраны сақтау және ел өміріне белсенді араласу. Халықтың бірлігі, қоғамдық келісім және тарихымызға құрмет Қазақстанның алдағы уақытта да дамуына берік негіз болады. Әсіресе, жас ұрпақтың өз елінде дамып, мүмкіндіктерін пайдаланып, болашағын сеніммен құра алуы маңызды.

    Ел бірлігі, жасампаз еңбек және ортақ іске жауапкершілікпен қарау арқылы Қазақстан алға қойған мақсаттарына кезең-кезеңімен қол жеткізе алады деп сенемін. Мемлекеттілігімізді нығайтып, келер ұрпақтың әл-ауқатын жақсартуға әр азаматтың қосқан үлесі зор.

    Қымбатты қазақстандықтар!

    Баршаңызға зор денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін! Әр шаңырақта татулық пен сыйластық орнап, жақындарыңыз аман, көңілдеріңіз шат болсын. Еңбектеріңіз жемісін беріп, бастаған істеріңіз сәтті аяқталып, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын!

    Еліміз өркендеп, Қазақстанның мемлекеттілігі мен тәуелсіздігі нығая берсін! Халқымыздың әл-ауқаты ортақ болашағымыздың берік негізіне айналсын!

    Республика күні құтты болсын!

    Ізгі ниетпен,

    ҚР Еңбек және халықты

    әлеуметтік қорғау министрі

    Асқарбек Ертаев

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары