Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
21.10.2026 Ж. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін түсіндіру бойынша 2026 жылғы 21 мамырдағы № 31 хаттамалық тапсырмаға сәйкес департамент басшысының орынбасары А. Б. Ахынов Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған Департамент қызметкерлерімен жиналыс өткізді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында көзделген түйінді ережелер мен негізгі өзгерістер, олардың елді одан әрі дамыту және мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру үшін маңызы қаралды .








