Бүгінде елімізде қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәселесіне ерекше мән берілуде.
Оның ішінде ғимараттардың қабырғаларына, тұрғын үйлердің кіреберістері мен басқа да қоғамдық орындарға түрлі жазулар мен суреттер салу қоғамымызға жат қылықтар болып табылады.
Осыған байланысты Қызылорда облысында полиция қызметкерлері заңсыз граффити жазуларын анықтау, оларды жою бойынша тиісті шаралар қабылдау және осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар атқаруда. Сонымен қатар тұрғындар арасында түсіндіру шараларын жүргізіп, қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мен тазалықты сақтау қажеттігін ескертуде.
Бүгінгі күнге дейін 265 рейдтік іс-шаралар өткізіліп, жазбалар мен суреттерді салудың 429 дерегі анықталып, олар жойылды.
Аталған бағытта полциия қызметкерлері тұрғындармен кездесу жиындарын өткізіп, олардың барысында қоғамдық мүлікті бүлдіруге жол бермеу, ортақ пайдаланылатын нысандарға ұқыпты қарау және вандализмнің алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.









