КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    1 / 10
    КЕНТАУДА РЕСПУБЛИКА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
    Кентау қаласында Республика күніне орай «Азат елдің ақ таңы» атты мерекелік шара өтті.
    Салтанатты жиында қала әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын мерекемен құттықтап, Республика күнінің тарихи маңызы мен тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне тоқталды.
    «Республика күні – мемлекетіміздің егемендігін айқындап, тәуелсіздікке бастаған тарихи қадамның символы. Бұл – елдігімізді дәріптеп, ұлттық бірлігімізді нығайтатын, Отанға деген сүйіспеншілігімізді арттыратын ерекше мереке.
    Туған жердің өркендеуі мен елдің дамуы – баршамызға ортақ міндет. Бүгінде Кентау қаласының өсіп-өркендеуі, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және жаңа мүмкіндіктер қалыптастыру жолындағы жұмыстардың барлығы сіздердің еселі еңбектеріңізбен тығыз байланысты.
    Қаламыздың дамуына үлес қосып жүрген әрбір азаматтың еңбегі құрметке лайық. Осы орайда туған жердің игілігі үшін еңбек етіп, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді қала әкімі.
    Мерекелік шара аясында қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы қаланың дамуына және оның өркендеуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматты «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.
    Шара соңы Кентау қалалық мәдениет сарайы өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасына ұласты. Өнер иелері патриоттық әндер мен әсем әуендер арқылы көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
    Республика күні – елдігімізді айшықтап, ұлттық рухымызды асқақтататын мереке.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары