КЕНТАУДА КЕҢ КӨЛЕМДІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Бүгін қаладағы мемлекеттік және коммуналдық мекеме қызметкерлерінің қатысуымен Ш.Уәлиханов – Әл-Фараби көшелерінің қиылысынан Әл-Фараби – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысына дейінгі аралықта аумақты абаттандыру, тазалықты сақтау және санитарлық жағдайды жақсарту мақсатында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында ұзындығы 900 метр болатын көшенің екі жағындағы арықтар тазартылып, қураған ағаштар, шөптер және өзге де тұрмыстық қалдықтар жиналды. Тазалық жұмыстарына 3 арнайы техника жұмылдырылды.
Нәтижесінде жалпы 32 тонна қоқыс пен өсімдік қалдықтары шығарылып, аумақтың санитарлық жағдайы жақсартылды.
Қала тазалығы - баршаға ортақ!









