1 / 6
КЕНТАУДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Кентау қаласында 2026–2027 жылғы жылу беру маусымы басталды. Қаладағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов №5 жылу энергоорталығына барып, нысанның жұмыс барысымен танысты. Жауапты мамандарға жылу беру жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және тұрғындарды сапалы жылумен қамту бағытында тиісті тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда жылуды кезең-кезеңімен жеткізу жұмыстары бастау алды. Қазан айының соңына дейін қалаға жылуды толық көлемде беру жоспарланған.
Жалпы, Кентау қаласы бойынша жылу жүйесі 2035 жеке тұрғын үй мен 348 көпқабатты тұрғын үй, 493 кәсіпкерлік нысан мен 104 бюджетті мекемелерді жылумен қамтамасыз етеді.
Осы бағыттағы жұмыстар қала басшылығының бақылауында.









