Таудың көзге көрінбейтін иесін білесіз бе?

    1 / 6

    Оны «тау елесі» деп бекер атамайды. Қар барысы адам көзіне сирек түседі. Бірақ ол Қазақстанның биік тауларында тіршілік етіп, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқарады.

    Бүгінде еліміздегі қар барысының саны шамамен 190 дараққа жетті. Бұл – табиғат қорғаушылары мен ғалымдардың көпжылдық еңбегінің нәтижесі.

    Ал биыл Оңтүстік Алтайда ерекше оқиға болды! Катонқарағай ұлттық паркінде алғаш рет қар барысына спутниктік қарғыбау орнатылды. «Алтай» атанған жыртқыштың қозғалысы енді ғылыми мақсатта зерттеледі.

    Қар барысының тағы қандай таңғаларлық ерекшеліктері бар? Оны қорғау үшін Қазақстанда қандай жұмыстар жүргізіліп жатыр?

    Жауабы карусельде! Парақтап көріңіз.

    23 қазан – Дүниежүзілік қар барысы күні!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары