Орталық Азия биоәртүрлілікті сақтау үшін күш біріктіреді

    1 / 8

    Еревандағы COP17 конференциясында Орталық Азияның бес елі 2035 жылға дейінгі биоәртүрлілікті сақтау және орнықты пайдалану жөніндегі өңірлік бағдарламаның жобасын таныстырды.

    Қазақстанның үйлестіруімен өткен іс-шарада жобаны өңір елдерінің атынан Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев ұсынды.

    Бағдарлама 2026 жылғы сәуірде Астанада бес ел қол қойған өңірлік декларация негізінде әзірленуде. Негізгі бағыттары – шекарааралық экожүйелер мен сирек түрлерді сақтау, табиғи аумақтарды қалпына келтіру, экологиялық дәліздерді дамыту және бірлескен мониторинг.

    Халықаралық ұйымдар бастаманы қолдап, ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді. Әсіресе ірі мысық тұқымдас жануарларды сақтауға бағытталған бірлескен жоба атап өтілді.

    Алдағы уақытта елдер бағдарламаны келісіп, нақты бірлескен жобалар мен оларды қаржыландыру тетіктерін айқындайды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті" жаңалықтары