Кезктен тыс сессия

    Бүгін, 2026 жылғы 25 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия барысында Қарабалық ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету және Қарабалық аудандық мәслихатының 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 181 «Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
    Қарабалық ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету мәселесі бұған дейін жұмыс комиссиясында зерделеніп, мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала қаралған болатын. Аталған мәселе бойынша депутаттардың басым көпшілігі салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендетуді қолдап дауыс берді.
    Екінші мәселе бойынша шешім бірауыздан қабылданды
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарабалық ауданының мәслихаты" жаңалықтары