Бүгін, 10 қыркүйекте, мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті, онда Қарабалық ауданы әлеуметтік сала объектілерін жылыту маусымына дайындау; Қарабалық ауданындағы жолдарды жазғы күтіп ұстау және Михайлов ауылдық округінің әлеуметтік – экономикалық дамуы мәселелері қаралды.
Ауданның әлеуметтік объектілерін жылыту маусымына дайындау, аудан жолдарын жазғы күтіп ұстау және Михайлов ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуын зерделеу мақсатында аудандық мәслихаттың жұмыс комиссиялары депутаттар мен мәслихат аппаратының қызметкерлері қатарынан ауылдық округтерге және ауылдарға барды.
Отырыс барысында аудан ұйымдары мен мекемелерінің басшыларының есептері тыңдалды.
ТКШ бөлімінің басшысы А.Л. Уалиевтің, аудандық аурухананың директоры А.Г. Исекованың және Қарабалық ауданының білім бөлімінің бас маманы Р.А. Ахметжановтың Қарабалық ауданының әлеуметтік сала объектілерінің жылыту маусымына дайындығы бойынша ақпараттарын тыңдағаннан кейін депутаттар осы бағытта белгілі бір жұмыстар жүргізілгенін атап өтіп, ұсыныстар берді.
Өз сөзінде Михайлов ауылдық округінің әкімі округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін, кіріс көздерін қалыптастыру туралы ақпаратты, сондай-ақ округті одан әрі дамытудың перспективаларын баяндады.
Сондай-ақ, мектеп директоры, фельдшерлік-акушерлік пункт фельдшері, ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, учаскелік полиция инспекторы және ветеринарлық пункт меңгерушісі тыңдалды.
Аудандық мәслихат депутаттары Т.А. Леванова мен М.Б. Танылов қорытынды сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті қаулылар қабылданды.





