Жергілікті өкілді орган (мәслихат) - ауданның халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.
Мәслихат қызметінің тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясында, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде және мәслихат регламентінде айқындалады.
Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл жақындап келеді, оны біз бүкіл ел болып қарсы аламыз. Осы сәттерде біз бір-бірімізге жылы тілектер айтып, өткен жылдың қорытындыларын шығарамыз, ал келер жылға жоспарлар құрамыз. Біздің халқымыздың бірлігі арқылы еліміздің бірлігі басталады. Өтіп бара жатқан 2025 жыл біздің еліміз үшін үлкен жетістіктер мен қиындықтарға толы жыл болды. Қуаныш пен қиындықтар бірінен соң бірі ауысып отырады – бұл өмір заңы. Бірақ біз әрдайым болашаққа сеніммен қараймыз. Біздің аудан үшін өткен жыл жалпы алғанда табысты және бейбіт өтті. Көп нәрсе жасалды, бірақ алда әлі көп үміттер мен міндеттер бар. Жаңа жылға санаулы сәттер қалды. Келер жыл бәрімізге үлкен жетістіктер әкелсін! Шын жүректен Сіздерді Жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл Сіздердің үйлеріңізге бейбітшілік пен келісім, сәттілік пен қуаныш, ал табыс пен гүлдену тек жақсы тілектермен бірге жүрсін! Жаңа жылыңызда денсаулық пен бақыт серік болсын, ал сіздер мен жақындарыңызға мол ырыс пен береке тілеймін! Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Балбаева
31 желтоқсан 2025 ж. – 31 желтоқсан 2026 ж.Тікелей
Қадірлі жерлестер! Астана күні құтты болсын! Бүгінде Астана – еліміздің қоғамдық, саяси және іскерлік ордасы. Дәл осы жерде халқымыздың болашағына қатысты маңызды шешімдер қабылданады, озық идеялар іске асырылып, биік мақсаттар орындалады. Мұнда білімпаздық пен еңбекқорлық құндылықтары берік орнығып, жұртымыздың ынтымағы мен келісімі нығая береді. Астана Орталық Еуразияның жауһары, заманауи Қазақстанның келбеті саналады. Халықаралық қауымдастық бас қаламызды бітімгершілік бастамаларды жүзеге асырып, жаһандық диалог орнату ісінде ерекше рөл атқаратын бейбітшілік шаһары ретінде біледі. Сүйікті қаламыз өркендеп, гүлдене берсін! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін! Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева
Құрметті жерлестер ! 1991 жылғы 16 желтоқсан – төл тарихымыздағы мерейлі белес. Бұл – егемен ел болуды аңсаған ата-баба арманы ақиқатқа айналған ұлы күн және Тәуелсіздікке айтарлықтай үлес қосқан ұлттық батырларды еске алу күні ретінде атап өтіледі. Қазақстан - бүкіл халықаралық қауымдастық мойындаған, дамыған экономикасы және біртұтас ұлтты бар Егеменді ел. Тарихи стандарттар бойынша жас мемлекет болса да, экономикада, ішкі және сыртқы саясатта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Тәуелсіздік күні - мемлекеттілікті табысты дамытуға және нығайтуға бағытталған бірлік мерекесі, республиканы егемендікке жетелеген батырларды еске алу күні. Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Осы айтулы күні баршаарға зор денсаулық, бейбітшілік пен амандық, Елімізге және әрбір отбасымызға бірлік пен өркендеу тілеймін тілеймін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева
Құрметті жерлестер және Қарабалық ауданның қонақтары! Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Республика күні - еліміздің егемендігін, Қазақстан халқының бірлігі мен жасампаз күшін бейнелейтін басты ұлттық мерекелердің бірі. Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданғаннан бері 35 жыл өтті - одан тәуелсіз Қазақстанға тарихи жол басталды. Декларацияда алғаш рет аумақтың тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, халықтар мәдениеті мен олардың тілдерін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты мемлекеттілік қағидаттары бекітілді. Бүгінде бірліктің арқасында біз күрделі сын-қатерлер мен сынақтарды еңсереміз, ауқымды өзгерістерді іске асырамыз. Жүргізіліп жатқан реформалардың сенімді тірегі және басты қозғаушы күші қоғамдағы заң мен тәртіп, азаматтардың еңбекқорлығы мен кәсібилігі болып табылады. Ертең біздің еліміз қандай болады, әрқайсымызға байланысты! Бүгін, Қарабалық ауданының ауқымында біз дамудағы оң өзгерістерді көріп отырмыз, олар сенімділікті оятады, шағын Отан үшін мақтаныш сезімін және жасампаз болуға деген ұмтылысты тудырады. Жауапты азаматтықты көрсете отырып, біз елдің дамуына сөзбен және іспен ықпал етуге дайын екенімізді білдіреміз. Тек бірге ғана біз жолды сенімді түрде жалғастыруға және барлық жоспарланған өзгерістерді жүзеге асыра аламыз. Елдің, ауданның барлық тұрғындарын құттықтаймын! Сізге бейбіт аспан, келісім мен тұрақтылық, әр отбасына амандық тілеймін! Мықты денсаулық, бақыт және сәттілік! Біздің республика өркендей берсін!
Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары! Биыл Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы аталып өтуде. 30 жыл бұрын халқымыз тарихи таңдау жасап, басталған реформаларға адалдығын және қоғамды одан әрі жетілдіруге ұмтылысын растады. Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ата Заңымыз — мемлекеттілігіміздің берік негізі, еліміздің орнықты және тұрақты дамуының сенімді кепілі. Конституцияны құрметтеу және оны мүлтіксіз сақтау – азаматтық жоғары жауапкершіліктің, шынайы патриотизмнің айқын көрінісі. Мемлекет пен қоғам өмірінің негіздерін айқындай отырып, Конституция азаматтардың мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын басты орынға қояды. Сондықтан елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру. Қуаныштысы – біздің аудан да күннен-күнге жаңарып, көркейіп келеді. Соңғы бес жылда азаматтардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да ауданды дамыту жолында көптеген жарқын үміттер мен жоспарлар жүзеге аса берсін. Осы мерекелі күні баршаңызға бақыт, бейбіт өмір, ізгілік пен бақ-береке, еңбекте табыс пен Тәуелсіз Қазақстан игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілеймін! Әрбір отбасында амандық, ертеңгі күнге деген сенім мен береке орнасын! Жаңа белестерге ұмтылыс бізді үлкен жетістіктерге жеткізсін! Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г.С. Балбаева
Құрметті Қарабалық ауданының тұрғындары мен қонақтары! Сіздерді біздің еліміз үшін шын мәнінде ерекше мереке Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Халқымыздың еркімен қабылданған Ата Заңымыз адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп жариялаған. Таңдаған жолымыздың дұрыстығы арқасында ел тәуелсіздігінің қалыптасу жолынан сәтті өте білдік. Конституциямыздың негізгі ережелеріне сүйене отырып, біз еліміз үшін маңызды түбегейлі өзгерістер өткіздік. Қазақстан дүниежүзілік аренаға танымал болды және әлемдік экономикалық жүйе ішінде өзінің лайықты орнын алды. Біздің ауданымызда экономикамен қатар әлеуметтік саладағы білім, денсаулық сақтау жүйелері қарқынды дамып, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобалар іске асырылуда. Бүгінгі күні, Отанымызды гүлдендіру жолында біздер өздеріміздің еңбектерімізбен және қоғам өміріндегі белсенді қатысуымызбен ата-бабаларымыз, аға ұрпағымыз құрған елімізді сақтай білуіміз керек. Осы мереке күні Сіздерге бақыт, бейбітшілік, береке және тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне арнаған еңбектеріңізде жаңа жетістіктер мен толағай табыс тілеймін! Әр жанұяда игілік пен ертеңгі күнге деген нық сенім паналап, елімізді өркендету жолындағы ынталарымыз үлкен жеңістерге әкелсін! Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы Г. Балбаева