ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ САҚТАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

    Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың төрағалығымен қоғамдық-саяси ахуал бойынша апталық штаб отырысы өтті. Жиында қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, өңірді табиғи газбен қамтамасыз ету, балалардың құқықтарын қорғау және тағы басқа өзекті мәселелер қаралды.
    Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқармалардың басшылары мен өкілдерінің баяндамалары тыңдалды.
    Ертай Алтаев қысқы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын барлық аудан мен қалада жүйелі жүргізуді тапсырды. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының дайындығын бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейтіп, тұрғындармен тиімді кері байланыс орнатудың маңыздылығына тоқталды.
    Жиын қорытындысында жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.
    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының әкімдігі" жаңалықтары