Тергеу бөлімшелері пәтерлерді тәуліктік жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялауға байланысты бірнеше рет жасалған интернет-алаяқтық фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.
Тергеу барысында сотталушы азаматтың интернет-платформаларда пәтерлерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып, ол үшін интернеттегі ашық дереккөздерден табылған жылжымайтын мүлік нысандарының фотосуреттерін пайдаланғаны анықталды. Нақты жалға алушылармен хат алмасу кезінде ол жалға алу шарттарын хабарлап, бір тәулік тұру құны мөлшерінде алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алғаннан кейін алаяқ жәбірленушілермен байланысын үзіп, олардың телефон нөмірлерін бұғаттаған.
Ақшаны қабылдау және кейін қолма-қол ақшаға айналдыру үшін үшінші тұлғалардың банк шоттары пайдаланылған.
Қылмыстық істі тергеу барысында Қазақстанның әртүрлі қалаларынан баспана жалдамақ болған азаматтарға қатысты алаяқтықтың 16 дерегі анықталды.
Кінәлі азаматтың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша, яғни интернет пайдаланушыларын алдау арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық ретінде сараланды.
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен сотталған азаматқа пробациялық бақылау белгілене отырып, 2 жыл 7 ай 15 күн мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ сот жәбірленушіге келтірілген материалдық залалды өтеу мәселесін шешті.
Абай облысы Полиция департаменті ескертеді! Әлеуметтік желі арқылы баспана жалдау кезінде хабарландырудың шынайылығына және жалға берушінің жылжымайтын мүлікті жалға беруге құқығы бар екеніне көз жеткізбей тұрып, алдын ала төлем жасамаңыз. Нысан туралы ақпаратты тексеріңіз, мүмкіндігінше пәтерді жеке барып көріңіз және ақша қаражатын шұғыл аударуды талап ететін ұсыныстарға сақтықпен қараңыз.
Есіңізде болсын: тартымды баға мен пәтердің фотосуреттері жалға берушінің адал екеніне кепілдік бермейді. Қырағы болыңыз және алаяқтардың сеніміңізді теріс пайдалануына жол бермеңіз.
ИНТЕРНЕТ-АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН 16 АЛАЯҚТЫҚ ДЕРЕГІ: АБАЙ ОБЛЫСЫНДА ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ 22 ЖАСТАҒЫ ТҰРҒЫНЫНА СОТ ҮКІМІ ШЫҒАРЫЛДЫ
Ұқсас материалдар

Қазақстан мен Парламентаралық одақ ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларды талқылады
Женева қаласындағы Қазақстан Республикасының БҰҰ бөлімшесі жанындағы Тұрақты өкілдігіАшу
Қазақстан мен Швейцария сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады
Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы және Лихтенштейн Князьдігіндегі ЕлшілігіАшу
Құрметпен шығарып салу - ізгі дәстүр
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментіАшуV Азия Пара ойындары: Қазақстан спортшылары алтыншы жарыс күнінде 5 медаль жеңді
ҚР ТСМАшу
ТҮРКІСТАНДА ТАРИХ ПЕН БОЛАШАҚ ТОҒЫСТЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

АБАЙ ОБЛЫСЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП»: облыс аумағында екі күнде 400-ге жуық құқық бұзушылықтың жолы кесілді.
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Қауіпсіз үй»: Абай облысында 7000-ға жуық есептегі тұлға тексерілді
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Үржар ауданында полицияның жаңа Жедел басқару орталығы ашылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
321 камера: Абай облысында жаңа Жедел басқару орталығы ашылды
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Қызы дүниеге келген күні ішімдік ішкен: Абай облысының тұрғыны 2 жыл 2 айға сотталды
Абай облысының Полиция департаментіАшу