ББҚ-ны цифрлық таңбалау: өндірушілер нені білуі керек?

    2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өндірілген биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) Data Matrix кодымен таңбалануға тиіс. Міндетті таңбалау талабы 2027 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.

    Осыған байланысты өндірушілер мен ББҚ айналымына қатысушыларға:

    - tanba.markirovka.kz⁠ порталында тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінде (ЦТҚЖ) тіркелу;
    - тауар карточкаларын модерациялау мерзімін ескере отырып, жүйеде алдын ала тіркеу ұсынылады.

    Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған ББҚ қалдықтарын белгіленген тізбеге сәйкес жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін өткізуге болады.

    Тіркеуді кейінге қалдырмай, таңбалау кодтарына алдын ала тапсырыс беруді ұсынамыз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары