Қостанайда қонақүй-жатақхана ғимаратын реконструкциялау жобасы бойынша сараптамалық қорытындыда бұзушылықтар анықталды

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті Аэропорт көшесі, 1А мекенжайында орналасқан қонақүй-жатақхана ғимаратын реконструкциялауға арналған жобалық құжаттаманы қарау барысында бұзушылықтарды анықтады.

    Сараптама ұйымдары палатасының Сарапшылық кеңесі жүргізген талдау нәтижесінде «BAS EXPERT» ЖШС-нің сараптамалық қорытындысында жобалық құжаттаманың толықтығына және нормативтік құжаттардың талаптарына қатысты бұзушылықтар анықталды.

    Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес сараптамалық қорытынды кері қайтарылып, ұйымның Палатаның ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бір ай мерзімге шектелді. Тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар уәкілетті органға жолданды.

    Тапсырыс берушіге жобалау-сметалық құжаттаманы түзету және қайта сараптамадан өткізу ұсынылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары