ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНА – 65 ЖЫЛ

    1 / 4

    Түркістанда Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының 65 жылдық мерейтойы атап өтілді. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен салтанатты жиынға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Бақытжан Садықов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов, мәдениет саласының өкілдері, еліміздің өзге өңірлерінен келген кітапхана басшылары мен қызметкерлері қатысты.

    Мерекелік іс-шара алдында арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған көрме де көпшілік назарына ұсынылды.

    Айта кетейік, биыл көктемде кітапханаға Түркістан қаласының орталығынан арнайы ғимарат берілді. 65 жылдық тарихы бар руханият ордасы жас ұрпақты кітап оқуға баулып, білім мен ізгілікті насихаттау бағытында ауқымды жұмыстар атқарып келеді.

    Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары