Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын, мінез-құлық қағидаттарын және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған талаптарды белгілейді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін департамент ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсетілетін барлық кабинеттерде аудио жазу құрылғысы бар бейнекамералар орнатылған.
2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және ескерту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді және департаменттің ресми сайтында орналасқан.
Департаменттің барлық әлеуметтік парақшаларында және сайтында департамент басшылығының қабылдау кестесі, «Сенім телефоны», қызметкерлердің байланыс деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмысындағы жариялылықты қамтамасыз ету және халықты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған қабылданған шаралар туралы хабардар ету үшін департаменттің веб-сайты, «Фейсбук» (https://www.facebook.com/depsocsko), «Инстаграм» (@sko_enbek) әлеуметтік желілердегі аккаунттары кеңінен пайдаланылады, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпараттық материалдар, департамент басшылығының, Этика жөніндегі уәкілетті адамның азаматтарды қабылдау кестесі, Мемлекеттік қызмет агенттігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бейнероликтері, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері тұрақты негізде орналастырылып тұрады.
2026 жылдың 3-тоқсанында интернет-ресурстарда 18 ақпараттық-түсіндіру материалы орналастырылды. Департаментте мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша 8 семинар өткізілді (оның ішінде 3 семинар Мемлекеттік қызметтер істері агенттігінің департаменті өкілімен өткізілді). Ағымдағы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша департаментте мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау фактілері тіркелген жоқ.
Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, қызметтік тәртіпті сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің белеіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.
https://www.instagram.com/reel/DetwNtEI56Z/?utm_source=ig_web_copy_link&obrf=MzRlODBiNWFlZA==&srtk=MzRlODBiNWFlZA==









