Түсіндіру жұмысын жүргізу

    «Заң мен тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде 2026 жылдың 16 қазанында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Л.Габдуллина және бас маман С.Т.Кусайынова алғаш рет тағайындалған мемлекеттік қызметшілер – медициналық-әлеуметтік сараптаманының әдістемелік және бақылау бөлімінің бас маманы Р.Б. Калелов және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Н.А. Паламарчукпен Әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Түсіндіру жұмысы барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін сақтауға , қызметтік тәртіпті сақтауға , мүдделер қақтығысына жол бермеуге , моральдық - этикалық қағидаттарды тек қызметтік міндеттерін атқару кезінде ғана емес , қызметтен тыс уақытта да ұстануға , сондай - ақ заңдылық , парасаттылық қағидаттарына ерекше назар аударылды .

    Осындай іс - шараларды өткізу мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыруға , заңдылық қағидаттарын нығайтуға және қызметтік мінез - құлықтың жоғары мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді .

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары