Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларға санаторийлік-курорттық емдеу мүгедектігі бар адамның абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына (АОЖБ) сәйкес ұсынылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері:
1.«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
2.Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдары;
3.Ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы – проактивті қызмет;
4.«Электрондық үкімет» веб-порталы –www.egov.kz .
Өтінішті қабылдау кезіндемүгедектігі бар адамның жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бойынша мемлекеттік органдардың цифрлық жүйелеріне мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салулар жіберіледі:
1.Жеке басын куәландыратын құжат туралы;
2.Мүгедектіктің белгіленуі туралы;
3.АОЖБ-да көзделген іс-шаралар туралы.
Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдар өтініш берген кездеқосымша мынадай мәліметтер сұратылады:
1.Мүгедектікке әкеп соққан өндірістегі жазатайым оқиға туралы;
2.Өндірістік жарақат немесе кәсіптік ауру жұмыс берушінің кінәсінен болған жағдайда, жеке кәсіпкер жұмыс берушінің қызметін тоқтатуы немесе заңды тұлғаның таратылуы туралы;
3.Жұмыс берушіні банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі туралы.
Санаторийлік-курорттық емдеуӘлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.kz) немесе мемлекеттік сатып алу арқылы ұсынылады.
Емдеу шарттары:
·Қызмет күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық емес ұсынылады.
·Емдеу ұзақтығы – 14 тәуліктен аспайды.
·Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Мүгедектігі бар баланы ертіп жүретін заңды өкілге өтемақы төлеу
Мүгедектігі бар баланы санаторийлік-курорттық емдеуге ертіп жүретін заңды өкілге санаторийлік-курорттық ұйымдағы болу құнының кепілдік берілген сомасының 70 пайызы мөлшерінде өтемақы төленеді.
Санаторийлік-курорттық ұйымға келген кезде ұсынылатын құжаттар:
1.Жеке басын куәландыратын құжат;
2.069/у нысанындағы санаторийлік-курорттық карта;
3.Портал арқылы өнім берушіден алынған төсек-орынның бар екендігін растау туралы хабарлама.
Еріп жүретін адамның құжаттары:
1.Жеке басын куәландыратын құжат;
2.Заңды өкіл мәртебесін растайтын құжат;
3.Тұрғылықты жері бойынша инфекциялық науқастармен байланыста болмағаны туралы эпидемиологтың анықтамасы;
4.Санаторийлік-курорттық емдеуден өту жоспарланған жағдайда, санаторийлік-курорттық карта.









