ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР АПТАДА 4 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

    1 / 4

    Түркістан облысында «Нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру мақсатында бір аптада 4 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау, сондай-ақ жүргізушілердің тәртібін қадағалау бағытында жұмыстар жүргізді.

    Атап айтқанда, бағдаршамның тыйым салынған түсіне өту бойынша 282 дерек тіркелді.

    Қарсы бағытқа шыққан 25 жүргізуші анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 31 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге жол бермеген 172 жүргізуші анықталды.

    Анықталған құқық бұзушылықтардың әрқайсысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

    Сонымен бірге қоғамдық тәртіпті сақтау, вандализм фактілерінің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ түнгі уақытта ұйымдастырылатын заңсыз автожарыстарға тосқауыл қою бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

    Бұдан бөлек, облыс аумағында тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуына бақылау жүргізілді.

    Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу, жол-көлік оқиғаларына жол бермеу және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыруда.

    Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік – баршаға ортақ жауапкершілік.

    Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары