«ҚАБЫЛДАНБАДЫ» МӘРТЕБЕСІ БАР САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

    Салық төлеушінің ИСНА кабинеті арқылы салық есептілігін жіберген кезде құжаттың жүйеде қабылданғанына көз жеткізу маңызды.
    Егер салық есептілігінің мәртебесі «Қабылданбады» болса, оны тапсыру жөніндегі міндеттеме орындалды деп есептелмейді.
    Салық есептілігінің қабылданбауының негізгі себептері:
    Есептіліктің міндетті деректемелеріндегі қателер.
    Салық кезеңінің дұрыс көрсетілмеуі.
    Салық төлеушінің тіркеу деректерінің сәйкес келмеуі.
    Салық есептілігін тапсыруға қойылатын талаптардың сақталмауы.
    Электрондық цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) қол қою кезіндегі қателер.
    Не істеу қажет?
    Салық төлеушінің кабинетіне кіріңіз — knp.kgd.gov.kz.
    Жіберілген салық есептілігінің мәртебесін тексеріңіз.
    Құжаттың қабылданбау себебімен танысыңыз.
    Анықталған қателерді түзетіңіз.
    Салық есептілігін қайта жіберіп, оның қабылданғанына көз жеткізіңіз.
    Салық кодексінде не айтылған?
    ҚР Салық кодексінің 115-бабының 8-тармағына сәйкес салық есептілігін қабылдамау негіздері көзделген.

    МАҢЫЗДЫ!
    «Жіберілді» мәртебесі салық есептілігінің қабылданғанын білдірмейді!
    Салық есептілігінің мәртебесін уақтылы тексеріп, анықталған қателерді түзетуді ұсынамыз.
    #законипорядок
    #заңментәртіп

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары