1 / 2
Доха, 2026 жылғы 4 тамыз - Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Бақыт Батыршаев Қатар Мемлекетінің Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсырды.
Салтанатты рәсімнен кейін өткен кездесуде Қатар Әмірі Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан Елшісін дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.
Өз кезегінде Елші Бақыт Батыршаев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қатар Әміріне ізгі тілектері мен сәлемін жеткізіп, Астана мен Доха арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бар күш-жігерін салатынын атап өтті.









