ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ СҰРАҚ-ЖАУАП
1. Сұрақ: Зейнетақы және басқада әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қайда жүгінуге болады?
📌 Жауап: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) немесе қолжетімді қызметтер бойынша электрондық үкіметтің egov.kz порталы арқылы, 2 дәрежелі банктерлің қосымшалары арқылы өтініш беруге болады.
2. Сұрақ: Мүгедектігі бар адам қандай әлеуметтік қолдау ала алады?
📌 Жауап: Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы және міндетті әлеуметтік сақтандыру қатысушысы болған жағдайда еңбекке қабілеттілігінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем ала алады.
3. Сұрақ: Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қандай құжаттар қажет?
📌 Жауап: Қажетті құжаттар көрсетілетін қызметтің түріне байланысты анықталады. Әдетте жеке басты куәландыратын құжаттар, өтініш және тиісті құқықты растайтын құжаттар талап етіледі.
4. Сұрақ: Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты қайдан алуға болады?
📌Жауап: eGov.kz порталынан, тиісті мемлекеттік органнан немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығынан ақпарат алуға болады.
5. Сұрақ: Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қайда шағымдануға болады?
📌 Жауап: Алдымен қызмет көрсететін мемлекеттік органға жазбаша өтініш беруге болады. Нәтижесімен келіспеген жағдайда жоғары тұрған мемлекеттік органға шағым білдіре аласыз.









