Шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізу туралы интернет-ресурстар арқылы хабарландыру

    Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 2026 жылғы «2» қараша күні шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

    Конкурсқа 2014 жылғы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.

    Тасымалдаушы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.

    Ұйымдастырушының мекенжайы: Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 78, 512 кабинет

    Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 29 қазан

    12:00 сағатқа дейін.

    Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу: 2026 жылғы 2 қараша 15:00 сағатта Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі 78, 512 кабинет мекенжайы бойынша өткізіледі.

    Тендерлік құжаттар пакеті https://www.gov.kz/org/zhambyl-transport?lang=kk сайтында орналастырылған.

    Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквизиттері:

    «Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, 78

    БСН 180940033494

    БСК KKMFKZ2A

    ЖСК KZ33070102KSN2101000

    «ҚР ҚМ Қазынашылық комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қазынашылық департаменті» РММ

    Анықтама үшін телефондар: 8 707 917 0112, 8 (7262) 43 06 85

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" жаңалықтары