V Азия Пара ойындары: Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен екі медаль жеңіп алды

    19 қазанда Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында Қазақстан құрамасының спортшылары Алина Солодухина мен Айжан Берімқұлова пара пауэрлифтингтен күміс және қола медаль жеңіп алды.

    Әйелдер арасында 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жарыста Алина Солодухина 103 келіні көтеріп, екінші орынға ие болды. Ал Айжан Берімқұлова 101 келі нәтижемен қола жүлдегер атанды.

    Аталған салмақ дәрежесінде Қытай спортшысы Гуо Линглинг 126 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды.

    Айта кетейік, бұған дейін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Давид Дегтярев 192 келіні көтеріп, алтын медаль жеңіп алды. Ал әйелдер арасында 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тұрсынай Қабыл 104 келі нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары