1 / 11
🍃🌳Жітіқара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза қала» экологиялық акциясы болып өтті. Тазалық жұмыстарын жүргізуге Жітіқара ауданы мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері, сондай-ақ тұрғындары да белсене қатысты.
Акция барысында қоғамдық орындар тазартылып, тұрмыстық қалдықтар мен құрғақ бұтақтар жиналды. Сенбілікке қатысушылар жұдырықтай жұмылып, қаланы көркейтуге, қоршаған ортаны таза әрі жайлы етуге үлес қосты.








