КӘСІПКЕРЛІК ҚОЛДАУ – АУЫЛ ДАМУЫНА ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

    1 / 5
    ЖҮЗІМДІК ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ КӘСІПКЕРДІҢ ҚОЛДАУЫМЕН 2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ
    Ауданда кәсіпкерлікті дамыту, жергілікті бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру және кәсіпкерлердің туған жерді дамытуға қосатын үлесін қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков кәсіпкерлермен кездесіп, ауданның кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерін тыңдаған болатын. Кездесу барысында кәсіпкерлер тарапынан жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға, оның ішінде жол мәселесін шешуге қолдау көрсету жөнінде ұсыныстар айтылды.
    Осы бастаманың нақты нәтижесі ретінде Жүзімдік елді мекеніне кіреберістегі аудандық маңызы бар, ұзындығы 2 шақырымды құрайтын жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыс жеке кәсіпкер, «Строй Класс 2018» ЖШС директоры Рауан Әдетбековтің демеушілігімен, өз қаражаты есебінен атқарылды.
    Жөндеу жұмыстары аяқталып, жол тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілді. Бұл – кәсіпкердің туған жерге деген жанашырлығы мен ауылдың дамуына қосқан нақты үлгісі.
    Аталған шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуен қатысып, ауыл тұрғындарының атынан игі іске қолдау білдірген кәсіпкерге алғыс айтылды. Өз кезегінде тұрғындар Рауан Әдетбековке ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпат табыстады.
    Туған жердің көркеюіне үлес қосу – ортақ жауапкершілік. Осындай игі бастамалар кәсіпкерлер мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсартуға жол ашады.
    Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары