БӘЙДІБЕК: АҚБАСТАУДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫҢДАЛЫП, ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ ТЕКСЕРІЛДІ

    1 / 7
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Ақбастау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, елді мекендегі өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, ауылдың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы мәселелерге назар аударылды.
    Атап айтқанда, ағын сумен қамтамасыз ету, каналдарды механикалық тазалау, су тасқыны қаупінің алдын алу және көшелерді жарықтандыру мәселелері көтерілді. Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстарды назарға алып, әр мәселенің өзектілігіне қарай тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
    Кездесуден кейін аудан әкімі бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың қазіргі жай-күйімен танысты. Атап айтқанда, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің жағдайын көріп, білім беру нысанының материалдық-техникалық жай-күйіне назар аударды.
    Сонымен қатар, орталықтағы жаңа спорт кешенін аралады. «Trendim KZ» ЖШС құрылысын жүргізген спорт нысаны 1 гектар аумақта орналасқан, ғимараттың жалпы ауданы – 939 шаршы метр. Кешенде волейбол, баскетбол, кіші футбол, күрес және дзюдомен шұғылдануға барлық жағдай қарастырылған.
    Жаңа спорт кешені ауыл тұрғындарының, әсіресе жастардың бұқаралық спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік береді. Бұл – ауылдағы спорт инфрақұрылымын дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды нысандардың бірі.
    Аудан басшысы тұрғындар көтерген мәселелер мен әлеуметтік нысандардың жай-күйін назарға алып, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.
    Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары