БӘЙДІБЕК: АУДАННЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ КҮН ТӘРТІБІНЕН ТҮСПЕУІ ҚАЖЕТ

    1 / 8
    Аудан әкімінің бастамасымен қолға алынған «10 күндік тазалық іс-шарасы» аясында барлық елді мекенде тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
    Осыған орай аудан әкімі Ұласбек Сәдібековтің қатысуымен аудан орталығы — Шаян елді мекенінде кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар тазартылып, айналаны көркейту, жасыл желектерді күтіп-баптау және елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылды.
    Аудан басшысы тазалық жұмыстары бір реттік шарамен шектелмей, күнделікті назарда болуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты мекеме басшыларына, ауылдық округ әкімдігіне және тиісті сала өкілдеріне тазалық пен абаттандыру жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру, анықталған кемшіліктерді дер кезінде жою және атқарылған жұмыстардың сапасын бақылау жөнінде тапсырмалар берді.
    Елді мекеннің көркі — таза көшелерден, күтіп-бапталған аулалардан және ретке келтірілген ғимараттардан көрінеді. Осы бағыттағы жұмыстар ауданның барлық елді мекенінде жалғасып, тазалық пен тәртіпті сақтау басты назарда болады.
    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында туған жерімізді таза ұстауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға баршамыз атсалысайық.
    Тазалық — бір күндік науқан емес, күнделікті жауапкершілік.
    Аудан әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары