БӘЙДІБЕК: АУДАНДА ЖАҢА ӨНДІРІС ОШАҒЫНЫҢ ІРГЕСІ ҚАЛАНУДА.

    1 / 6
    ЖИЕНҚҰМ ЕЛДІ МЕКЕНІНДЕ МАҚТА ӨҢДЕУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Бөген ауылдық округіне қарасты Жиенқұм елді мекені аумағында салынып жатқан «J&B AGRO GROUP 2025» ЖШС-нің мақта өңдеу кешеніне барып, құрылыс жұмыстарымен және жобаның іске асырылу барысымен танысты.
    Жалпы құны 2,4 млрд теңгені құрайтын жоба ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, мақта шаруашылығын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған. Қазіргі таңда Қытай Халық Республикасынан жеткізілген зауыт жабдықтарын құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 45–50 мың тонна мақта шикізатын өңдеуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру нәтижесінде 63 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.
    Сонымен қатар серіктестік алдағы уақытта мақта өңдеу зауынымен қатар тамшылатып суару жүйелерін, мақта майын және пленка өндіретін зауыттар салуды жоспарлап отыр. Жалпы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын бұл жобаларды 2025–2028 жылдары кезең-кезеңімен жүзеге асыру көзделген.
    Аталған бастамалар ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге, жергілікті өндірісті дамытуға, кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға және аудан тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтуға оң ықпал етеді.
    Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары