Бұланды аудандық мәслихатының учаскелік сайлау комиссияларында бос орындардың түзілуі туралы

    Саяси партиялардың филиалдары мен қоғамдық бірлестіктерге арналған хабарлама

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10-бабының 3-тармағына, 19-бабының 6-тармағына және Бұланды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 24 тамыздағы № 63/38, 15 қыркүйектегі № 68/41 қаулыларына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты Бұланды ауданы бойынша Бұланды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 284, 285, 297, 300, 306 uchastкалық сайлау комиссияларының құрамында бос орындар бар екендігін хабарлайды.

    Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

    Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

    Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

    ​ Бұланды аудандық мәслихаты 2026 жылғы 11 қыркүйектен бастап 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін келесі құжаттарды қабылдайды:

    • ​белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматында сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер (қоса беріледі);
    • ​саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы шешімінен үзінді көшірме;
    • ​саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
    • ​белгіленген нысан бойынша кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

    ​ Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы конституциялық заңның талаптарына сәйкес болуы тиіс.

    Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын құрған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруы тиіс.

    ​ Сайлау туралы конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан астамы бір ұйымның қызметкерлері болмауы тиіс.

    ​ Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесе жубайы (жолдасы) кіре алмайды.

    ​ Мәслихатқа қағаз форматында ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылып, мөрмен куәландырылуы және онда орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөнінің бас әріптері мен телефонының нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгі болуы тиіс.

    ​ Бұланды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №№ 284, 285, 297, 300, 306 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 25 қыркүйекке дейін [email protected] электрондық поштасы арқылы жүзеге асырылады.

    ​Мәслихаттың орналасқан жері: Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қ., Некрасов көшесі, 19.

    Жауапты тұлға – Сыздықова Бибігүл Айтжанқызы, тел.: 8 (71646) 2-10-24.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бұланды ауданының мәслихаты" жаңалықтары