Бүгін Бұланды аудандық мәслихатының кезектен тыс 45-сессиясы өтті. Онда депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтарды әлеуметтік қолдауға және ұйымдастырушылық шешімдерге қатысты бірқатар түйінді мәселелерді қарады.
Күн тәртібінде төмендегі мәселелер тыңдалды:
- 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті түзету.
- Ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу — Ерголь және Николь ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау қаралды.
- Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесіне, оның мөлшері мен тәртібіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
- Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның құрамы мен жұмыс тәртібі өзектендірілді.
- «Бұланды аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілді.
- Учаскелік сайлау комиссияларының, сондай-ақ мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық округтер бойынша округтік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Қабылданған барлық шешімдер әлеуметтік саланы одан әрі нығайтуға, ауылдық аумақтарды орнықты дамытуға және ауданды басқарудың ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сессия жұмысына аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б. А. Сыздықова, экономика және қаржы бөлімінің басшысы В. Н. Гылка, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А. У. Жақыпбеков қатысты.




