«Нан – ас атасы». Алайда соңғы уақытта нанның бағасы 200 теңгеге өсті. Наубайшылар бағаның өсуін өндіріс шығындарының артуымен түсіндіреді. Электр энергиясының, шикізаттың және өндіріс үшін қажетті басқа да ресурстардың бағасы қымбаттаған. Бұл ретте нанның босату бағасы шамамен 145 теңгені құрағанымен, дүкен сөрелеріндегі бағасы одан жоғары болды. Бірінші кезекте қажетті өнімнің бағасын қолжетімді деңгейде сақтау мақсатында Атбасар ауданының әкімі Қ. Алимжанов жергілікті наубайхана басшыларымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша әлеуметтік нанның бағасын сақтау жөнінде келісімге қол жеткізілді. Енді әлеуметтік нанның пішіні өзгертіліп, дөңгелек нан түрінде 160 теңгеден сатылатын болады. Бұл тұрғындарға бірінші кезекте қажетті өнімді неғұрлым қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Әсіресе әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтар үшін бағадағы мұндай айырмашылықтың өзі маңызды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі аудан басшылығының бақылауында.
Социальный хлеб по доступной цене
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Астанада психологиялық дайындықтың өрт жолағында жаттығу өтті
Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы қалалық мәслихат төрағасы Н.Қ. Макраевтың төрағалығымен өтті.
Ашу
Семейде студенттік жатақханаларда профилактикалық тексеру жүргізілді.
Абай облысының Полиция департаментіАшу
Бейнеуде «Қоғамдық тәртіп – ортақ жауапкершілік» тақырыбында сурет байқауы өтті
Маңғыстау облысының Полиция департаментіАшуСауда-саттық өткізу туралы ақпараттық хабарлама
Ашу
"Атбасар ауданының әкімдігі" жаңалықтары
Атбасар қаласында абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАтбасар қаласында жаңа теміржол вокзалы ашылды.
Атбасар ауданының әкімдігіАшуҚұрметті Атбасар ауданының тұрғындары!
Атбасар ауданының әкімдігіАшуАудан әкімінің санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлері күніне орай құттықтауы
Атбасар ауданының әкімдігіАшуҚол жетімді бағамен әлеуметтік нан
Атбасар ауданының әкімдігіАшу