Семейде студенттік жатақханаларда профилактикалық тексеру жүргізілді.

    Семейде студенттік жатақханаларда профилактикалық тексеру жүргізілді.

    Қауіпсіздік – ортақ жауапкершілік.
    Осы қағиданы негізге алған Семей қаласының полиция қызметкерлері қала аумағындағы студенттік жатақханаларда профилактикалық тексеру жүргізіп, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын өткізді.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқыққа қайшы әрекеттерге әкелуі мүмкін факторларды ерте кезеңде анықтау.

    Тексеру барысында жатақханалардағы белгіленген тұру тәртібінің сақталуы, кәмелетке толмағандардың болуына бақылау жүргізу, профилактикалық жұмыстың ұйымдастырылуы және қауіпсіздік талаптарының орындалуы назарға алынды.

    Полиция қызметкерлері жатақхана әкімшілігі мен студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамасын, ішкі тәртіп ережелерін және жеке қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде түсіндірме берді.
    Сонымен қатар құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасағаны, алкоголь өнімдері мен есірткі құралдарын пайдаланғаны, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта болуына тыйым салынған орындарға барғаны үшін көзделген жауапкершілік түсіндірілді.

    Кездесу барысында студенттерге күмәнді жағдайларға бейжай қарамай, құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға атсалысу және қажет болған жағдайда полиция қызметкерлеріне дер кезінде хабарлау маңызды екені айтылды.

    Тексеру қорытындысы бойынша жатақханадағы жауапты тұлғаларға студенттердің қауіпсіздігіне бақылауды күшейтіп, профилактикалық жұмысты тұрақты негізде
    жүргізу тапсырылды.

    Құқықтық сауаттылық пен сақтық – қауіпсіз ортаның маңызды кепілі. Полиция қызметкерлері жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жалғастыра береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары