
Әлеуметтік желілерде Семей қаласындағы аспалы көпірде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған жүргізушінің әрекеті түсірілген бейнежазба тарады. Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушіні анықтады. Ол 19 жастағы қала тұрғыны болып шықты.
Кеше жас жігіт маневр жасау ережесін бұзғаны және көлік жүргізу кезінде hands-free жүйесін пайдаланбай телефон қолданғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгін ол Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскер қатарына аттанды. Бұл жағдай ойлануға себеп: жолдағы ойланбай жасалған маневр тек өз өміріне ғана емес, басқа адамдардың өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.
Заң мен тәртіп – баршаға ортақ.









