Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы қалалық мәслихат төрағасы Н.Қ. Макраевтың төрағалығымен өтті.

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Бүгін Екібастұз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының кеңейтілген отырысы қалалық мәслихат төрағасы Н.Қ. Макраевтың төрағалығымен өтті.

    Отырыс барысында әлеуметтік саясат және қала құрылысы салаларына қатысты мәселелер қаралды.

    «Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу мәселесі бойынша Екібастұз қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Т. М. Темирханова баяндама жасады.

    Сонымен қатар, Екібастұз қаласы әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы К. З. Сүлейменов «Екібастұз қаласының дизайн-кодын бекіту туралы» Екібастұз қалалық мәслихатының шешімінің күшін жою туралы мәселені таныстырды.

    Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ұсынылған шешім жобаларын Екібастұз қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясының қарауына шығару үшін мақұлдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары