
Бүгіннен бастап әлеуметтік нысандар мен жеке секторды жылумен жабдықтау жүйесіне қосу жұмыстары жүргізілуде. Көппәтерлі тұрғын үй қорын қосу шамамен 28 қыркүйектен бастап жоспарланған. Екібастұз қаласының әкімі А.Бейсекин мен қалалық мәслихат төрағасы Н.Макраев Екібастұз ЖЭО арнайы барып, станцияның ағымдағы жұмысымен және негізгі жабдықтардың жылыту маусымына дайындығымен танысты.








