Шымкент қаласының 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет

    Шымкент қаласының 2026 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы мәлімет

    Өнеркәсіп өнімінің көлемі 1 125,9 млрд теңгені құрап, 12,4%-ға артты. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 11,7% құрады(989,6млрд тг.).

    Негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі 500,3 млрд теңгені құрады, немесе 1,3% -ға өсті.

    Құрылыс жұмыстарының көлемі 191,0 млрд теңгені құрап, 13,9% -ға артты.

    Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 708,9 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға өсті. Оның 138,2 мың ш.м. жеке тұрғын үй құрылысы немесе 19,5%.

    Жалпы сауда көлемі 3 097,1 млрд теңгені құрап,
    27,5%-ға артты .

    Оның ішінде бөлшек сауда – 908,2 млрд тг. (НКИ – 106,6%), көтерме сауда – 2 183,0 млрд тг. (НКИ – 138,9%).

    Көлік қызметі 322,3 млрд теңгені құрады немесе өсім 17,0%.

    Байланыс қызметі 10,6 млрд теңгені құрап, 10,2%-ға артты .

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" КММ" жаңалықтары